Кеше Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Астана мен Қарағандыда қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
ІІМ: Астана мен Қарағандыда 12 адам қамауға алынды
5,542
оқылды

Топ мүшелерінің тау-кен өндіруші компаниясынан тауар ұрлау, есірткі мен қару сақтау, сондай-ақ 2022 жылы қылмыстық текетірес кезінде Қарағанды тұрғынын өлтіруге оқталу фактісіне қатысы бар екені анықталды. 

Осы қастандықты жасамақ болған топтың болжам бойынша «киллері» көрші елде ұсталды. 

«70 тінту шарасы өткізілді. Соның нәтижесінде, 9 қару, 400-ге жуық оқ-дәрі, пышақтар, радиостансалар, үлкен көлемде ақша және басқа да заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленді. Полицияға 28 адам жеткізілді, оның ішінде топтың 12 белсенді мүшесі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», – деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Бұған дейін Маңғыстау облысында қылмыстық топтан қару-жарақ арсеналы тәркіленгенін хабарлаған болатынбыз. 

Фото: видеодан скриншот