Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев АҚШ Сенаты Ұлттық қауіпсіздік және үкімет істері жөніндегі комитетінің төрағасы Гэри Питерспен кездесті. Кездесу барысында екіжақты парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.
Мәулен Әшімбаев АҚШ Сенатының комитет төрағасымен кездесті
515
оқылды

Сенат Төрағасы Қазақстан Парламентінің АҚШ Конгресімен тиімді өзара іс-қимылының атқаратын рөлі маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ ол мұндай ынтымақтастық Қазақстан мен АҚШ қарым-қатынасының әрі қарай дамуына ықпал ететінін тілге тиек етті.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін Парламенттің атқарған жұмыстарына тоқталды.

Өз кезегінде АҚШ Сенатының Комитет төрағасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елде іске асырылып жатқан кешенді өзгерістердің нәтижелерін жоғары бағалады. Сондай-ақ Гэри Питерс негізгі бағыттар бойынша бірлесіп жұмыс істеудің маңызына назар аударып, парламентаралық қатынастарды нығайтуға дайын екенін білдірді.

Кездесу кезінде сұхбаттасушылар сауда, қауіпсіздік, орнықты даму және энергетика салаларына қатысты өзекті мәселелер бойынша депутаттардың бірлескен өзара іс-қимылы туралы да сөз қозғады.