Маңғыстауда Ыбықты сайға есімін қашап жазған вандалдың кім екені анықталды, - деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Маңғыстаудағы табиғи шатқалға есімін қашап жазған вандалдың кім екені анықталды
1,226
оқылды

Ол Ақтөбенің мәдениет қызметкері болып шықты.

Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде отвертка, балға сияқты құрылыс материалдарымен Ыбықты сайдағы шатқалға есімін қашап жазып жатқан ер адамның видеосы тараған еді. Вандалдың әрекеті әлемжелі қолданушыларының ашуын туғызып, “мұра қалдырушыны” полиция іздеп кеткен.

Ақтөбенің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі кеше вандалдың расында да бюджеттік ұйымның қызметкері екенін растапты. Вандал - қаладағы зағиптарға арналған мәдениет үйінің директоры болып шықты. Қазір еңбек демалысында екен.