Маңғыстаулықтар үлкен жорыққа Адай жылқыларымен келді.
Маңғыстаулық шабандоздар «Ұлы дала жорығына» қатысу үшін Астанаға бірінші болып жетті
1,702
оқылды

2022 жылы алғаш рет өткен «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінде бірінші болып жетіп топ жарған маңғыстаулық «Көкмойнақ» командасы бес шабандоз, он тұлпармен екінші жорыққа қатысу үшін Астанаға ең алғаш болып жетті. 

Биыл да маңғыстаулықтар үлкен жорыққа Адай жылқыларымен келіп отыр. 

Алайда биыл маңғыстаулық атбегілер ақылдаса келе, өткен жылғы жорыққа қатысқан аттарды толық ауыстыруды жөн санапты. Сонымен қатар шабандоздарды да өзге жастар алмастырған. Сөйтіп, Маңғыстау облысының құрама командасы толығымен жаңарып келді. 

«1 300-ден  асатын шақырымды жүріп өту жылқыға оңай емес. Шабандоздардың салмағына байланысты биыл басқа жігіттер келді. Қатысатын барлық команда біз үшін басты қарсылас. Алыс жолға шыдамды аттың жағының қуысы кең, омыраулы болуы керек. Солар нағыз ұзаққа шабатын аттар ғой. Айта кететін бір жайт, тұлпарлардың барлығын облыстағы әр ауданнан іздеп таптық. Мәселен, Бейнеу, Түпқараған, Маңғыстау аудандарының әрқайсысынан 2 ат таңдап алдық. Жаңаөзен қаласынан тағы бір ат бар», - дейді маңғыстаулық атбегі Есболат Бекұлы.