Мемлекет басшысы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы неге өзгергенін айтты
Мемлекет басшысы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы неге өзгергенін айтты
© Sputnik / Абзал Калиев
5,399
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы неге өзгергенін айтты. "Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысына жұртшылықты кеңінен тарту мақсатында кеңес мүшелері алмастырылды. Ұлттық кеңеске белгілі қоғам қайраткерлері келді. Кеңестің бұрынғы мүшелеріне белсенді жұмыстары үшін ризашылығымды білдіремін", - деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.
Айта кетсек, президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне жаңа адамдар қосылды. Олар:
  • ​белгілі қоғам қайраткері, мәжіліс депутаты, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының "Қазақстан ардагерлері" қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл;
  • белгілі заңгер, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Башимов;
  • қоғам қайраткері, "Мазмұндама" ҚБ төрағасы Шыңғыс Мұқан;
  • Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығының бас директоры Арман Қашқынбеков;
  • "Талбесік" көпбалалы аналар қозғалысының жетекшісі, журналист Ләззат Қожахметова;
  • заңгер, "Ізгілік елшісі" республикалық еріктілер қозғалысының жетекшісі Айнұр Сәбитова.
Ротация аясында адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова, балалар омбудсмені Аружан Саин, бұрынғы бизнесмен-омбудсмен Болат Палымбетов, "Қазақстан барысы" қазақ күресін дамыту қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Арман Шораев, саясаттанушы Бақытжан Бұқарбай, Қазақстан даму банкінің басқарушы директоры Асқар Әміртаев ұлттық кеңестің құрамынан шығарылды.