Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері артады.
2024 жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңге болады
2,128
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге жеткізу жөнінде тапсырма берді. 

Бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді деп жоспарланып отыр.

«Біз бұған дейін уәде бергеніміздей, Үкімет ең төменгі жалақы мөлшерін біртіндеп өсіре береді. Азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырамын. Осылайша, біз еңбекақының ең төменгі мөлшерін үш жыл ішінде екі есе көбейттік.

Еңбек нарығын жан-жақты дамыту үшін Үкімет қысқа мерзімде 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарды бекітуі керек», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.