Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Президент Әкімшілігінде бірқатар ауыс-түйіс болды.
Президент көмекшілері тағайындалды
918
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Президент Әкімшілігінде бірқатар ауыс-түйіс болды, – деп хабарлайды Ақорда.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының Жарлығымен:

Руслан Сұлтанұлы Желдібай – Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі;

Ержан Хозеұлы Қазыхан – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі;

Ержан Нұрланұлы Жиенбаев – Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымына тағайындалды.

Еске салайық, бүгін Қ.Тоқаев ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымын қайта жасақтау туралы Жарлыққа қол қойды.

Фото: aigak.kz