Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Астанада ер адам өзімен танысудан бас тартқан қызды тонап кетті
902
оқылды

Астанада ер адам өзімен таныспай қойған қызды тонап кеткен.

Полицияға 32 жастағы әйел шағымданған. Ол таңертең Бейбарыс Сұлтан көшесінде орналасқан тұрғын үйден шыққан кезде бейтаныс жігітпен кездесіп қалған. Ер адам таныспақ болған. Алайда қыз танысқысы келмеген. Осылайша ер адам қызды жерге құлатып, сөмкесін тартып алған. Сөмкеде қыздың құжаттары мен телефоны болған. Жәбірленуші ер адамның артынан жүгіргенімен қуып жете алмаған.

Сөмкесі мен 150 мың теңгелік телефонынан айырылған қыз полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру шарасы барысында 33 жастағы ер адам ұсталды.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адамның басқа қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.