Экономикалық зерттеулер институтының өкілі Ернар Серік жаңа транспорт министрлігінің құрылуына қатысты пікір білдірді.
Көлік министрлігі қай жағынан тиімді - сарапшы пікірі
1,256
оқылды

"Көлік-логистика секторы елдің шикізат экспортынан түсетін табысқа тәуелділігін азайтуға көмектесетін экономика салаларының бірі болып табылады деп ойлаймын. Алайда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (МИИР) деңгейінде көлік саласын дамытуға қатысты өзекті мәселелер мен сұрақтарға тиісті көңіл бөлінбеді. 

Себебі бүгінгі таңда жалғыз МИИР елдің ЖІӨ-ның 30%-дан астамын (көлік, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі) дамытуға жауапты. Салыстыру үшін ең ірі Сауда және интеграция министрлігі мен Энергетика министрлігі елдің жалпы ішкі өнімінің сәйкесінше 21% және 13% дамытуға жауапты. Сондықтан жауапкершіліктің кең ауқымы Министрлікке тек бір салаға назар аударуға мүмкіндік бермей, көп жағдайда көлікке қатысты мәселелер шешілмей қалып немесе ұзақ уақытқа кейінге қалдырылып жатыр", - деп жазды сарапшы.

Оның пайымынша, қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, Қазақстан Еуразиядағы маңызды көліктік-логистикалық хабқа айналу үшін жаңа сын-қатерлерге жауап беріп қана қоймай, сонымен бірге осы процестен барынша пайда алу үшін өзінің көлік және теміржол инфрақұрылымын дереу және бейімді түрде реформалауы қажет.

"Сондықтан Көлік министрлігін қалпына келтіру өте тиімді және өзекті қадам екеніне сенімдімін", - деді Е.Серік.