Португалия мен саудиялық «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду кезекті рекордын орнатты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Криштиану Роналду спорт жолындағы 850-інші голын соқты
1,786
оқылды

Сhampionat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Сауд Арабиясы чемпионатының 5-турында «Аль-Наср» сырт алаңда «Аль-Хазм» клубын 5:1 есебімен ойсырата ұтты.

Осы кездесуде Роналду қарсылас команда қақпасының кілтін тауып, екі нәтижелі пас берді. Бұл оның спорттық жолындағы 850-інші голы еді. Сөйтіп ол өзінің рекордын жаңартты.

Роналду «Аль-Наср» клубына биылғы қаңтарда ауысқан еді. Жаңа маусымда ол төрт ойынға қатысып, 6 гол соғып, 4 нәтижелі пас беріп үлгерді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Криштиану Роналдудың ұлттық чемпионатта гол соғу жөнінен әлемдік рекорд орнатқанын жазған болатынбыз.