Футбол тарихында үш футболшы ғана 500 голдан асық соққан.
Әлемдік жаңа рекорд орнатқан Роналду атын тарихта қалдырды
5,160
оқылды

Португалия ұлттық құрамасы мен Сауд Арабиясының "Әл-Наср" командасы ойыншысы Криштиану Роналду жаңа әлемдік рекорд жаңартып, футбол тарихына тағы бір рет өз есімін жазды. Ол ұлттық лигаларда ең көп гол соққан футболшы атанды, – деп хабарлайды Мassaget.kz

Роналду "Әл-Шабаб" командасына қарсы ойында екі бірдей гол соғып, дубль авторы атанды. Нәтижесінде ұлттық лигаларда соққан голдан санын 517-ге жеткізді. 

Криштиану жаңа рекордын жасауда әйгілі Йозеф Бицан мен Ференц Пушкаш нәтижелерін басып озды. Бұл екі ойыншы 515 голдан соққан. 

Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы (IFFHS) бұл рейтингті жасауда жергілікті лигада соққан голдарын есепке алмайды. Сондықтан да бұл тізімге Пеле, Ромарио сынды әйгілі сұрмергендер енбеген.

Футбол тарихында үш футболшы ғана 500 голдан асық соққан. Олар – Роналду, Бицан және Пушкаш. Ал Мессидің еншісінде қазір 496 гол бар. 

Сауд Арабиясы клубына ауысқанға дейін Роналду Португалияда "Спортинг", Англияда "Манчестер Юнайтед", Испанияда "Реал", Италияда "Ювентус" клубтарында доп тепті. 

Роналду Испания чемпионатында 311 гол, ағылшын премьер-лигасында 103 гол, Италияның А сериясында 81 гол, Сауд Арабиясында 19 гол соғып үлгерді.