Жеке деректер – цифрлық дәуірдің мұнайы. Осы байлық смартфондар арқылы жиі ұрланады. Сіз деректеріңіздің ұрланғанын білмеуіңіз де мүмкін. Телефон нөмірін және деректеріңізді қалай қорғауға болады?
Смартфондағы жеке деректерді қалай қорғауға болады?
1,585
оқылды

Жеке деректерді цифрлық дәуірдің мұнайы деп атайды. NewAtlas платформасында смартфондағы деректер неге жиі ұрланатыны талданды. Осы материалға сілтеме жасаған Aikyn.kz  қаскөйлердің қолданатын тактикасы, олардың телефон нөмірлерін қалай алатыны түсіндіріледі.

Фото topnomer.ru сайтынан алынды

Бүгінде телефон нөмірлері неліктен құнды саналады? Бір-бірімен тығыз байланысты әлемде телефон нөмірі жай ғана цифрлардың тізбегі емес: ол адамның жеке басының құпиясы мен жеке ақпаратына қол жеткізу кілті.

Америкалықтар ай сайын 3 миллиард спам қоңырау алады екен.

Телефон нөмірлері көбінесе әлеуметтік медиадан қаржылық қызметтерге дейін әртүрлі онлайн тіркелгілермен байланысты. Бұл өте ыңғайлы болғанымен, деректердің бір бөлігі ниеті теріс адамдардың қолына түссе сол тіркелгілердегі жеке ақпараттардың қолды болуы оңай. 

Фото newatlas.com сайтынан алынды 

Қаскөйлердің қолына түскен телефон нөмірі арқылы адамның мекенжайын, жұмыс орнын, отбасы мүшелерін, хоббиін және басқа да жеке басына қатысты ақпаратты жылдам біле алады. Сондықтан олар телефон нөмірін бұзу үшін барған сайын күрделі әдістерді қолданып, айла-шарғылар жасайды.

Фото Getty Images агенттігінен алынды. Авторы: Francesco Carta fotografo

 

Телефон нөмірін және деректеріңізді қалай қорғауға болады? 

Біріншіден, құпия сөзді күшейту. Электрондық пошта мен әлеуметтік медиа профильдер үшін күшті және бірегей құпия сөздерді пайдалану керек.

Екіншіден, екі факторлы аутентификацияны (2FA) қосу. Бұл қауіпсіздіктің қосымша қабатын қосады.

Үшіншіден, күдікті сілтемелер мен сілтемелері бар спамнан, электрондық хаттардан сақ болу керек. Олар фишингтік веб-сайттарға немесе зиянды бағдарламаларға әкелуі мүмкін.

Төртіншіден, жеке ақпаратты құпия сақтау. Интернеттегі құпиялылық пен қауіпсіздік тұрақты және дәйекті күш-жігерді қажет етеді, бірақ бұл адамның жан тыныштығыңыз бен қауіпсіз өміріне, болашағына салынған инвестиция.

Цифрлық ортадағы қауіпсіздік көп еңбекті, білім мен уақытты қажет етеді. Қолданушы үнемі смартфонын тексеріп отыруы қажет, деректерді пайдалануда қателіктер болса, оны дереу түзетуді ұмытпағаны дұрыс.