Жолдау аясында айқын бағыт-бағдар көрсетіліп, нақты тапсырмалар жүктелді.
Жолдаудың жүйелі орындалуына бәрі атсалысуы тиіс – Жанар Бекетаева
737
оқылды

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы, мәслихат депутаты Жанар Бекетаева Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауына қатысты пікір білдірді. Мәслихат депуаты Жолдауда айтылған ұлттық экономиканы дамыту, отандық өнімді қолдау, ауыл шаруашылығын өркендету, өңдеу өнеркәсібін жетілдіру туралы ұсыныстар елдің дамуы үшін аса маңызды екенін айтты.

«Жаңа өнеркәсіп саясаты – Қазақстанның дамуында айрықша рөл атқарады. Осы орайда Мемлекет басшысы ішкі мүмкіндіктерімізге басымдық беріп, отандық шикізатты, тауарлар мен кадрларды пайдалануды ескеріп, халықты өнім өндіруге ынталандыру үшін салық мәселесін қайта қарауды ұсынды.

Сондай-ақ, Президент ауыл-аймақты дамытуда шағын шаруашылықтарды қолдау маңыздылығына тоқталды. «Ауыл аманаты» бағдарламасының маңыздылығын айқындап, жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуіне жағдай жасалу керектігін айтты.

Және партиямыздың «Қарызсыз қоғам» жобасына жоғары баға беріп, бағдарламаның ауқымын кеңейтуді тапсырды.

«AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өту қажет. Соның арқасында еліміздің 8 аймағында 20 мыңнан астам адам қаржылық сауатын арттырды. Олардың көпшілігі – 10 және одан да көп несие алған адамдар. Бұл жоба аз уақытта өзінің тиімділігін көрсетті. Үкіметке «AMANAT» партиясымен бірлесіп, оның ауқымын кеңейтуді тапсырамын. «Қарызсыз қоғам» жобасының игілігін бүкіл еліміз көруі қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Айқын бағыт-бағдар көрсетіліп, нақты тапсырмалар жүктелді. Ендеше жаңа белестерді бағындыруға жетелеп, ортақ мүддеге топтастыратын Жолдаудың жүйелі орындалуына бәріміз атсалысуға тиіспіз», – деді Жанар Бекетаева.