Қазақстандық дипломаттар апатқа ұшыраған отбасының туыстарымен байланыста отыр.
Түркияда қазақстандық журналист кішкентай қызымен бірге қаза тапты: тың дерек шықты
1,220
оқылды

Түркияға саяхаттап барған қазақстандық отбасы жол апатына ұшыраған, – деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«3 қыркүйекте Аланияда жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан қазақстандық отбасы зардап шекті. Жол апатынан оқиға орнында 1989 жылы туған әйел мен оның 2 жасар қызы қайтыс болды. Отағасы (1986 жылы туған) ауыр жағдайда реанимацияда жатыр. 2014 жылы туған ұлы да ауруханада, оның денсаулығына аса қауіп төнбеген», – делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, қазақстандық дипломаттар апатқа ұшыраған отбасының туыстарымен байланыста отыр.

«Аталған отбасына барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіледі. Бұл отбасы Түркияда туристер ретінде болды және бүгін елге оралуы керек еді», – дейді ведомство.

Айта кетейік, бұған дейін Түркияда ірі жол апаты салдарынан қазақстандық журналист кішкентай қызымен бірге қаза тапқаны хабарланды.