Ақмола облысындағы Үшқарасу ауылында сібір жарасын жұқтырғандар саны 15 адамға жетті. Бұл туралы Қазақстан арнасы хабарлайды.
Ақмола облысында сібір жарасы өршіп барады
2,010
оқылды

Мамандардың айтуынша, науқастардың жағдайы орташа. Ал олармен байланыста болған 22 адам дәрігерлердің жіті бақылауында. Карантинге жабылған елдімекенге 1700 доза вакцина мен 900 мың миллиграмм дизенфекциялау құралы жеткізілген. Қазір қора-қопсыға залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, малға індетке қарсы екпе салынып жатыр.

“Республикалық противоэпизотиялық жасақ келді. Кірді қазір олар. Ауылдың сыртын толық жыртты. Артық мал, артық техника ауылдан шықпайды. Шлагбаум қойылды. Блокпост қойылды. Дизбарьерлар қойылды. Бүкіл малдарды қазір учетқа алып жатыр”, – дейді облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ағыбай Сыздықов.  

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысы, Үшқарасу ауылында он екі адам сібір жарасын жұқтырып, ауылдың карантинге жабылғаны туралы жазған болатынбыз.