Жақында жүргізушісіз басқарылатын роботаксилерден шектеулер алынып тасталды. Бірақ Сан-Франциско тұрғындары оған қарсы. Жүргізушісіз көліктердің пайдалы және зиянды тұстары жайлы пікірталастар күш ала бастады. Тәулік бойы қызмет көрсететін көліктер қаншалықты қауіпсіз?
Роботаксилер қала көшелерінде қызмет көрсете бастады
1,083
оқылды

Жақында жүргізушісіз басқарылатын роботаксилерден шектеулер алынып тасталды. Бірақ Сан-Франциско тұрғындары оған қарсы. TechCrunch технологиялық сайтында жүргізушісіз көліктердің пайдалы және зиянды тұстары жайлы мақала жарияланды. Aikyn.kz сол мақалаға сілтеме жасай отырып, қала тұрғындарына тәулік бойы қызмет көрсететін көліктердің қаншалықты қауіпсіз екенін түсіндіреді.

Фото investors.com сайтынан алынды

GM компаниясына тиесілі Cruise және Alphabet-тің Waymo роботаксилеріне Сан-Франциско көшелерінде қызмет көрсетуге рұқсат берілді. Қала билігі мен тұрғындардың қарсылығына қарамастан, Калифорния штатының көлік жүйесін реттеуші органы жүргізушісіз таксилерді қолдануға оң шешімін берген.

Мұндай көлік түрлері АҚШ-тың бірнеше қаласында бар. Олардың саны мен қызмет көрсету ауқымы кеңейген сайын жергілікті тұрғындар өздерінің қауіпсіздігіне алаңдай бастады.

Сан-Франциско өрт сөндіру бөлімі Cruise роботаксиі науқасты алып бара жатқан жедел жәрдем көлігін жүруіне кедергі келтіргендіктен, науқас медициналық көмек ала алмай қайтыс болғанын жариялаған.

Фото Cruise компаниясының сайтынан алынды

Кеше осы оқиғадан кейін тұрғындар наразылық білдіріп, Сан-Францискодағы Cruise штаб-пәтерінің алдына жиналған. Ал Cruise компаниясы өзінің роботаксиі жедел жәрдем көлігінің оқиға орнынан кетуіне кедергі келтірді деген айыпты жоққа шығарды және журналистерге оқиға орнында түсірілген дәлелдерді көрсеткен. Видеода алғашқы көмек көрсетушілер жедел жәрдемге мініп, бірнеше секундтан кейін көліктің сол жағына маневр жасамас бұрын тұрақтағы роботаксиден сәл артқа шегініп жатқанын көрінген.

Мына видеода роботаксилерді қолдайтындар мен қарсылардың пікірлері айтылған:

 

Cruise роботаксиі алгоритм бойынша әрқашан жаяу жүргіншілерге жол берілуге үйретілген, сондықтан ол жүргіншілер кездескенде алға жылжи алмайды. 

Бұл оқиғада жүргізушісіз басқарылатын Cruise көлігі кінәлі болмағанымен, компанияның  қауіпсіздігіне байланысты наразылықтар көбейе түскен.

Қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысы мәселелерінен басқа, наразылық білдірушілер роботакси Сан-Францискода және одан тыс жерлерде жүздеген мың жұмыс орындарын ауыстырады деп алаңдаушылық білдірді. Наразылық акциясы кезінде компания кеңселерінде қатты музыка ойнап, қарсылық білдірушілердің дауыстарын басып тастаған.