Үш жыл Шымкент қаласын басқарды.
Тоқаев Шымкент қаласының әкімін қызметінен босатты
3,217
оқылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі лауазымынан босатылды.

Мұрат Дүйсенбекұлы 1981 жылы дүниеге келген.

Мұрат Әйтенов С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын, "Қазтұтынуодағы" Қарағанды Экономикалық университетін және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы инженер, заңгер.

Еңбек жолында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде, ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі, аппарат басшысы, ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары және Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

2020 жылғы 21 қаңтардан бері Шымкент қаласының әкімі болды.