Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында АЭС салу немесе салмау мәселесі жалпыхалықтық референдум арқылы шешілетінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан АЭС салу туралы референдум өткізуге дайын ба?
1,035
оқылды

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов АЭС құрылысына қатысты референдум туралы пікір білдірді. 

Inform.kz-тің дерегінше, референдумды биыл өткізу қажет болса, ОСК дайын болады.

«Референдум өтетіні жайында жарияланды. Оны өткізу мерзімі кейінірек мәлім болады. Жалпы, Орталық сайлау комиссиясы бұл жұмыстарға дайын. Яғни сайлаушылар (референдумға қатысушылар  ред.) тізімін құру, аумақтық сайлау комиссияларына қатысты жұмыс ескерілген. Егер биыл ұйымдастыру туралы шешім жасалса, Орталық сайлау комиссиясы дайын болады», – деді Шавхат Өтемісов. 

Бұған дейін АЭС-ті салу үшін Алматы облысы Үлкен ауылында жалпыхалықтық тыңдау өтті.

Фото: atomic-energy.ru