BMW автоконцерні iDrive атты ақпараттық-ойын жүйесін жаңа буын электр көліктері үшін жасаған. Жүйеде 3D әсер беретін және формасы таңданыс туғызатын дисплей қойылмақшы. BMW-ның толық электрлік «Neue Klasse» платформасы үшін жасалған ақпараттық жүйе технологиялық шекараларды кеңейтуді мақсат еткен.
BMW ғарыш кемесіне ұқсайтын жаңа көлік шығарады
1,299
оқылды

BMW-ның iDrive атты ақпараттық-ойын жүйесі жаңа буын электр көліктері үшін жасалған. Оның ғажап мүмкіндіктерімен Slash Gear технологиялық платформасының материалына сүйеніп, Aikyn.kz таныстырады.

Фото BMW сайтынан алынды

Жаңа iDrive ақпараттық-ойын жүйесінде 3D әсерін ұсынатын және формасы таңданыс туғызатын дисплей қойылмақшы. BMW-ның толық электрлік «Neue Klasse» платформасы технологиялық шекараларды кеңейтуді мақсат еткен. Ол үшін BMW компаниясы iDrive ақпараттық ойын-сауық жүйесінің жаңа нұсқасын жасады. 

2025 жылы іске қосылуы жоспарланған жаңа iDrive қазіргі қолданылатын бірде-бір жүйеге ұқсамайды. Жаңа революциялық жүйеге маңдайлық әйнектегі 3D бас дисплейі (HUD), «панорамалық көру», жаңартылған руль және көліктің барлық параметрлерін бақылдауда ұстауға көмектесетін жаңа орталық дисплей кіреді. 

Бұл төрт элементті екі санатқа бөлуге болады. Панорамалық көру мен 3D HUD бірге жұмыс істейді, жүргізушіге қажетті ақпаратты көзін жолдан алмай-ақ көруге көмектеседі. Панорамалық жүйе кескінді алдыңғы әйнектің бүкіл еніне проекциялайды. Проекцияның биіктігі жүргізушіге байланысты, бұл оған қозғалыссыз және оның қауіпсіздігіне нұқсан келтірместен өзіне қажет нәрсені көруге мүмкіндік береді. 

Фото BMW сайтынан алынды

Панорамалық дисплей ерекше болғанымен, бақылау тақтасының ортасында орналасқан нақты экран да жаңартылуда. Жаңа сенсорлық экранның орталық дисплейінде матрицалық артқы жарықтандыру мүмкіндігі бар, бұл оған жоғары тұнықтық береді. Ол сондай-ақ жарықтықты сақтай отырып, түс пен контрасты жақсартады.

Бұл әсіресе күн сәулесі шағылысқанда өте ыңғайлы, өйткені ашық күн сәулесі шынымен кішірек экрандарды көруді қиындататыны белгілі.

Мына видеода BMW-ның 2023 жылғы керемет 7-ші сериясы көрсетілген:

 

Көліктің рөлі де жаңартылған және оны панорамалық дисплейді, 3D бас дисплейді басқару үшін пайдалануға болады. Сондай-ақ рөл дөңгелегінде жүргізушілерге көзді жолдан алмай-ақ ақпаратты енгізуге мүмкіндік беретін сенсорлық түймешіктер орнатылған. 

BMW 2023 жылы алғаш рет шыққан «жылдам таңдау» мүмкіндігінің жаңартылған нұсқасы да Neue Klasse нұсқасына орнатылған. 2025 жылы BMW сатып алатын тұтынушыларға жоғарыда айтылған техникалық жаңашылдықтарды алғаш болып қолдану мүмкіндігі беріледі.