«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры «Қазақстан халқына» білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасы аясында 818 білім беру грантын тағайындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Қазақстан халқына» қоры 818 талапкерге грант берді
1,248
оқылды

Бағдарлама халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан талапкерлерге берілді. 

Білім беру грантының иегерлеріне оқу жылына 1 миллион теңгеге дейін оқу ақысы төленеді. Сондай-ақ 40 000 теңге көлемінде стипендия көзделген.

Білім беру гранттары талапкерлерге Бағдарламаның келесі критерийлері бойынша берілді:

  • ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан - 197 талапкер немесе 24,1%;
  • жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар  – 177 талапкер немесе 21,6%;
  • мүгедектігі бар – 181 талапкер немесе 22,1%;
  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан – 261 талапкер немесе 31,8%;
  • 2022 жылғы қайғылы Қаңтар оқиғалары кезінде Қазақстан Республикасының қайтыс болған азаматтарының балалары – 2 талапкер;
  • 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде жараланған балалар – 1 талапкер.

Гранттар: «Мұғалімдерді даярлау» мамандығына – 130 талапкер, «Қазақ/ орыс тілі мен әдебиеті», «Шет тілдері» мамандығына – 67 талапкер, «Құқықтану», «құқық», «құқық қорғау қызметі» мамандығына 50 талапкерге берілді.

Толық тізімді мына сілтемеден оқи аласыз. 

Фото: smi24.kz