Балабақшадағы 8 наурызға арналған қойылымға ата-аналардың келуіне тыйым салынды
Балабақшадағы 8 наурызға арналған қойылымға ата-аналардың келуіне тыйым салынды
© siberian-tiger.ru3
339
оқылды
Елордада ата-аналардан 8 наурызға арналған таңертеңгілік шараға келмеулерін өтінді, ал балалар қойылымдарының суреттері мен видеосын Ват-сап арқылы жіберуге уәде берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Басында бізге ертеңгілік, әдеттегідей музыка бөлмесінде емес, өз топтарында өтеді деп айтты. Одан кейін ата-аналарға мерекеге келуге болмайтыны айтылды. Негізінде, онсыз да балалардың әке-шешесі ертеңгілікке қатыспайды, өйткені біздің балаларымыздың жасы - 3-4-те, олар туыстарын көрсе жылап, есі шығады, - деді астаналық әйел Sputnik Қазақстан агенттігіне берген пікірінде.
Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы жоспар бойынша мерекенің өткізілетінін, бірақ тым көп адам жиналуына жол берілмейтінін айтты.
"Вирустық инфекциялардың (жедел респираторлы вирустық инфекциялар, тұмау) алдын-алу мақсатында білім беру ұйымдарына 8 наурыз мерекесі аясында балалар өткізетін іс-шараларға көпшіліктің қатысуын шектеу ұсынылды", -деп хабарлады департаменттегілер.
Тәрбиешілер мерекелік қойылымның суреті мен видеосын кейін Ват-сапқа жіберуге уәде берді. Алайда, барлық ата-аналар бұған келісе бермейді, балаларының өнерін көзбе-көз тамашалығысы келетіндер де бар арасында. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әдеттегідей, Ақордада Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиналыс пен концерттің болмайтыны туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Президент Twitter-дегі парақшасында жазды. Мемлекет басшысы қазір әлемде коронавирус инфекциясы өршіп тұрғандықтан, мұның қауіпсіздік мақсатында жасалғанын айтты.