Депутат Бақытжан Базарбектің баласының коляскасын біреулер өртеп кетті. Оқыс оқиға туралы депутаттың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Депутаттың баласының коляскасын біреулер өртеп кеткен
946
оқылды

"Менің отбасыма белгісіз біреулерден қоқан-лоқыға ұқсайтын әрекеттер басталды. Кішкентай балапанымның коляскасын квартирамыздың есігі алдында жағып жіберген. Осылай, Ескі Қазақстанның өкілдері өзінің бар-жоғын ескертіп, білдіртіп отырғандай сезінесің!» - делінген жазбада.

Депутат бірінші қабатта және екінші қабатта бейнебақылау бар екенін айтып, кім жасағанын табу қиынға соқпайтынын жеткізді.