Бүгін Мароккода жер сілкінісінен 300-ге жуық адам қаза тапты.
Президент Марокко Королі VI Мұхаммедке көңіл айтты
541
оқылды

Мемлекет басшысы Марокко Королі VI Мұхаммедке көңіл айту жеделхатын жолдады,  деп хабарлайды Ақорда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Марракеш-Сафи аймағында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Король VI Мұхаммедке көңіл айтты. «Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ бауырлас Марокко халқына көңіл айтамын»,  деп жазылған жеделхатта.