Бүгін Мароккода жер сілкінісінен 300-ге жуық адам қаза тапты.
Президент Марокко Королі VI Мұхаммедке көңіл айтты
876
оқылды

Мемлекет басшысы Марокко Королі VI Мұхаммедке көңіл айту жеделхатын жолдады,  – деп хабарлайды Ақорда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Марракеш-Сафи аймағында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Король VI Мұхаммедке көңіл айтты. «Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ бауырлас Марокко халқына көңіл айтамын», – деп жазылған жеделхатта.