"Футбол жолы" спорт фестивалі EXPO алаңында өтеді. Спорт фестивалі 10 қыркүйекте сағат 14.00-ден 22.00-ге дейін өтеді, - деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстан мен Солтүстік Ирландия кездесуі EXPO аумағында тікелей эфирден көрсетіледі
584
оқылды

Іс-шара аясында  EXPO алдындағы алаңның жазғы сахнасында Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрамалары арасындағы Еуро-2024 іріктеу кезеңінің тікелей көрсетілімі өтеді.

Сондай-ақ жиналғандардың алдында M'Dee өнер көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Солтүстік Ирландия матчы «Астана Арена» стадионында өтеді. Жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшін стадионға арнайы автобустар қатынайды.

Матчқа байланысты жолдардың бір бөлігі жабылады, сол себепті жанкүйер ертерек шығып, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.