Оқиға 8 қыркүйек күні сағат 22:45 шамасында болған.
Ақтауда биіктен құлап, комаға түскен жасөспірім есін жинады
557
оқылды

Көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан құлаған 17 жастағы бала есін жиды.

«Баланың жағдайы ауыр, тұрақты. Есін жиып, комадан шықты. Қазіргі таңда аппараттан алынып, өзі демалып жатыр», – дейді Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының реаниматолог-дәрігері Мереке Бекбаев.

Оқиға 8 қыркүйек күні сағат 22:45 шамасында болған. Зардап шегуші облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген еді.