COVID-19 қайтадан күшейе бастады. Мамандар коронавирустың жаңа штаммына алаңдаулы. Әлемдік пандемияның жаңа толқыны бастала ма?
COVID-19 қайтадан күшейе бастады
1,726
оқылды

Еуропада COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны артқаны байқалуда. EuroNews коронавирус эпидемиясының жаңа толқыны неліктен қорқынышты екенін жазды. Aikyn.kz еуропалық агенттікке сілтеме жасап вирустың жаңа штаммының қаупін бағалайды.

Фото Time.com сайтынан алынды

Жаз айларында Еуропаның бірқатар елдерінде COVID-19 ауруының саны айтарлықтай өсті. Адамдардың иммунитеті әлсіреп, коронавирус инфекциясының жаңа түрлері пайда болуда. Қазір кәрі құрылықта жазғы демалыс аяқталып, еуропалықтар жұмыс орындарына және оқуға оралды. Осыған байланысты мамандар континентте коронавирус инфекцияларының көбейгенін айтуда.

Шілдеден бастап инфекциялардың өскенін тіркеген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) коронавирустың Эрис (Eris) деп аталатын жаңа штаммы пайда болғанын айтып, оны «бақылаудағы нұсқа» деп жариялады. 

Мына видеода ДДҰ-ның басшысының пікірі берілген:

 

Азия мен АҚШ-та Эрис Omicron-ның басқа нұсқаларын ығыстырып үлгерді және көпшілік инфекция жұқтырғандарда осы штамм анықталған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы аймақтық директоры Ханс Клюге: «COVID-19 әлі де бар. Біз үрейленбей вакцинацияны қамтамасыз етуіміз керек. Құрлық дайын. Бұл мутант қауіптірек және тез таралады».

Сарапшылардың пікірінше, вакцина коронавирусқа қарсы ең жақсы қорғаныс болып қала береді. Олар вакцинациямен қамтылмаған елдер ғана тәуекелге ұшырайды, өйткені оларда клиникалық аурулардың, ауыр клиникалық жағдайлардың өсуі байқалады. 

Фото creativecommons.org сайтынан алынды 

Қазір вакциналардың жаңа буыны әзірленуде және Еуропа мен Америкада осы айдың соңына дейін қолжетімді болады деп күтілуде. Жақында Еуропалық Комиссия Omicron субвариантымен күресу үшін жаңа вакцинаға рұқсат берді.

Еуропалық денсаулық сақтау комиссары Стелла Кириакидис: «Еуропалық денсаулық сақтау жүйесінің күшті болуы үшін қоғамдық денсаулық проблемаларын бірге шешу керектігін білдіреді. Егер ауырып қалсаңыз, үйде болыңыз, бұл COVID болуы мүмкін. Бірақ біз бір-бірімізді келе жатқан қиын күз бен қыста қорғауымыз керек»,  деп үндеу жариялады.