Ағылшын ғалымдары вейп қауіпсіз деген жалған пікірді теріске шығарып, электронды темекінің зиянды екенін дәлелдеді. Вейп иммунитетке жойқын соққы береді. Электронды темекі буы нейтрофилдерді тоқтатып, ағзаның инфекциямен күресу қабілетін жояды.
Вейп иммунитетке жойқын соққы береді
1,781
оқылды

NewAtlas сайтында электронды темекі буының әсері ағзаның өте маңызды иммундық жасушаларының жұмысына кедергі келтіретіні туралы зерттеу нәтижелері жарияланды.

Бұл вейпинг қауіпсіз деген жалған пікірді теріске шығаратын және электронды темекінің зиянды екенін дәлелдейді. Aikyn.kz америкалық порталдың материалына сілтеме жасай отырып, жаңа зерттеу тұжырымдарын талдайды.

Фото Getty Images сайтынан алынды Авторы: Victor de Schwanberg

Жаңа зерттеу көрсеткендей, никотинсіз электронды темекі буы нейтрофилдерді, яғни ағзаның ең маңызды иммундық жасушаларын тоқтатып, олардың инфекциялармен күресу қабілетін жояды. Зерттеушілер вейпинг зиянсыз деген пікірді жоққа шығарып, электронды темекіге тәуелділіктің қауіпті екенін дәлелдеген.

2007 жылдары пайда болған электронды темекілер қазақ жастарының арасында да сәнге айналып барады. Вейп қолданушылар саны әлемде жылдам өсуде: 2020 жылы 68 миллион болса, 2021 жылы 82 миллионға жеткен.

Төмендегі видео вейптің неге зиянды екенін түсіндіреді:

 

Бирмингем университетінде (Ұлыбритания) жүргізілген соңғы зерттеулердің жетекшісі Аарон Скотт электронды темекінің зиянды екенін, бұл мәселені әлі де жан-жақты зерттеу қажет екенін айтады.

«Біз электронды темекі буының қысқа әсерінен кейін жасушалар тірі қалатынын, бірақ бұдан былай тиімді қозғала алмайтынын және қалыпты қорғаныс функцияларын орындай алмайтынын анықтадық», – дейді Скотт.

Құрамында никотин жоқ электронды сұйықтықтардың буы да никотині бар электронды сұйықтықтардың буымен бірдей теріс әсер еткені ғалымдарды таңғалдырған. 

Фото Depositphotos.com сайтынан алынды

Дәрігерлер нейтрофилдер әдетте өкпені қорғау үшін қан арқылы ықтимал жарақат орнына барып өкпені қорғайды. Сондықтан, электронды темекі буының олардың қозғалғыштығын төмендетуі қатты алаңдатады. Электронды темекіні үнемі қолданатын адамдарда тыныс алу жолдарының ауруларының қаупі жоғарылайды. Ағзаға төндіретін бұндай қауіптерді қазақ жастарының білгені, денсаулығына қандай зиянды әкелетінін түсінгені дұрыс деп ойлаймыз.