12-13 жас шамасындағы жасөспірімдер футбол ойнап жүрген спорт алаңына мас ер адам кіріп, доп тебе бастаған.
Рудныйда мас еркек футбол ойнап жүрген балаларды соққыға жықты
972
оқылды

Рудныйда мас ер адам спорт алаңында ойнап жүрген балаларға тиіскен, – деп хабарлайды Наша Газета.

Оқиға кеше Ленин көшесі, 177 үй мекенжайы маңында болды.

12-13 жас шамасындағы жасөспірімдер футбол ойнап жүрген спорт алаңына мас ер адам кіріп, доп тебе бастаған.

"Олар кеткісі келген, бірақ ер адам балалардың бірін қуып жетіп, басынан тіземен теуіп, жұдырықпен ұрған. Миы шайқалған бала ауруханаға жатқызылды, қазір дәрігерлердің бақылауында", – деп хабарлады жасөспірімдердің ата-анасы.

Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын мәлім етті.