«Қазгидромет» 12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
Бүгін бірнеше өңірде қар жауады
9,911
оқылды

Бүгін қар, кей аймақта  нөсер жаңбыр жауады. Бұршақ жаууы да ықтимал.

Циклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. 

Республиканың орталығында, солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында нөсер жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Жаңбырдың соңы қарға ұласады.

Республика бойынша екпінді жел, солтүстік пен солтүстік-батыста тұман, Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Жамбыл облысы, орталықта, шығыста, Қызылорданың оңтүстігінде, Атыраудың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында, Павлодардың оңтүстігінде, Қарағандыда солтүстігінде, Түркістан облыстарының шөлді аймақтарында жоғары өрт қаупі бар.