Үкімет қаулысымен Бауыржан Мәдиұлы Сыздықов Қазақстан Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды
1,170
оқылды

Бауыржан Сыздықов 1973 жылғы 14 маусымда қазіргі Түркістан облысы Бөген ауданы Задарья ауылында туған.

2001-2006 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар басқармасының аға офицері.

2006-2010 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті халық пен аумақты қорғау, азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы.

2010-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаменті Халық пен аумақты қорғау басқармасының бастығы.

2012-2015 жылдары – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.

2015-2019 жылдары –  ҚР  Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.

2019-2020 жылдар аралығында   Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан (қазіргі Астана - ред.) қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметін атқарды.

2020 жылғы желтоқсан айынан бастап 2023 жылғы тамыз айына дейінгі аралықта ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы болды.