Іс-шарада кезекшілік еткен дәрігерлер оған оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
Қостанай облысында көбік кешінде ток соққан 9 жасар қыз қайтыс болды
598
оқылды

Қостанай облысы Ұзынкөл кентінде көбік кешінде ток соққан 9 жасар қыз ауруханада қайтыс болды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облыстық  Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қыздың қайтыс болғаны рас. Әзірге толық ақпарат бере алмаймыз, ауруханада мәліметтер жиналып жатыр», – деп болған жайды басқарма маманы телефонмен растады.

Еске салайық, Қостанай облысында көбік кешінде кішкентай қызды ток соққаны туралы хабарланды.

«25 тамыз күні Ұзынкөл кентінде Жастар күніне орай көбік кеші өтті, онда 9 жасар қызды ток соқты. Іс-шарада кезекшілік еткен дәрігерлер оған оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қыз аудандық ауруханаға жатқызылды», – деп хабарлады Қостанай облысы  Полиция департаментінен.

Кейін ток соққан қызды Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мамандары емдейтіні белгілі болды.

Мекеме жетекшісі Данияр Жандаевтың айтуынша, кішкентай қыз Ұзынкөл аудандық ауруханасына өте ауыр жағдайда түскен.

Фото: pulse.mail.ru