Сенатта жасанды интеллекті құқықтық және этикалық реттеу мәселелерін талқылауға арналған жиын өткізілді. Әлемнің ең мықты технологиялық компаниялардың басшылары шақырылған кездесу жабық есік жағдайында өткізілді. Онда қандай құпиялар айтылды?
Жасанды интеллект Сенатқа кіріп кетті
1,554
оқылды

BBC News-тің хабарлауынша, АҚШ Сенатындағы демократтардың көшбасшысы Чак Шумер жасанды интеллекті құқықтық және этикалық реттеу мәселелерін талқылауға арналған жиын өткізді. Әлемдік технологиялық трендті анықтаушы компаниялардың басшылары шақырылған кездесу неліктен жабық есік жағдайында өткенін Aikyn.kz британдық корпорацияға сілтеме жасап түсіндіреді.

Фото Getty Images агенттігінен алынды. Авторы: Kateryna Kon

Құрама штаттардың заң шығарушыларымен кездесуге шақырылған Tesla бас директоры Илон Маск жасанды интеллекті реттеуге қатысты «үлкен консенсус» ЖИ мәселелерін талқылау үшін жиналған технологиялық көшбасшылардың қатысуымен болғанын айтты.

Сенаттағы кездесуге аты танымал технологиялық менеджерлер Марк Цукербег пен Google басшысы Сундар Пичаи, Microsoft-тың бұрынғы бас директоры Билл Гейтс пен қазіргі бас директоры Сатья Наделла қатысты.

13 қыркүйекте сәрсенбі күні өткен АҚШ заңгерлерімен кездесу жабық есік жағдайында өтті.

Бұл форумды Сенаттағы көпшіліктің жетекшісі Чак Шумер шақырған және оған технологиялық компаниялардың жетекшілері, сондай-ақ азаматтық құқықтарды қорғаушылар келді.

Фото Getty Images агенттігінен алынды. Авторы: Drew Angerer

Жасанды интеллекті оның әлеуетін қолдануға байланысты жақсы да, жаман да деп сипаттауға болады. Адамзаттың болашағын, мемлекеттердің даму екпінін анықтайтын ЖИ бүгінде әлемдік саясаткерлерді қызықтыратын тақырыпқа айналды.

Мамыр айында ChatGPT-ті шығарушы OpenAI компаниясының бас директоры Сэм Альтман АҚШ Сенатының комитетінде жаңа технологияның ықтимал қателіктерін көрсетіп берген болатын.

ChatGPT және осыған ұқсас басқа да бағдарламалар әралуан сұрақтарға керемет жауап бере алады, бірақ олардың кейбіреулері дәл болмауы мүмкін.

Фото overclockers.ru сайтынан алынды

Meta бас директоры Марк Цукерберг Конгресс жасанды интеллекттегі инновациялар мен қауіпсіздікті қолдауы керектігін айтса, Альтман мырза: «Менің ойымша, егер бұл технология қателессе, оның салдары болуы мүмкін. Біз бұл туралы ашық болғымыз келеді және қауіптің алдын алу үшін үкіметпен жұмыс істегіміз келеді», – дейді.

Жасанды интеллект компаниялары өз үлгілерін интернеттен рұқсатсыз немесе авторларға  төлемсіз алынған деректерді қолданып үйреткендері үшін де сынға ұшырады.

Сәуір айында Маск BBC-ге берген сұхбатында «ЖИ қоғамға қауіп төндірмейтініне көз жеткізу үшін оны қадағалайтын реттеуші орган болу керектігін» айтқан еді. Кешегі Сенаттағы кездесуде ол жасанды интеллект бойынша «төреші» қажет екенін ескертті: «Менің ойымша, біз бірдеңе болатынын көреміз. Бұл қашан және қалай көрінетінін білмеймін», – деді ол журналистерге.

Фото Getty Images агенттігінен алынды. Авторы: Chip Somodevilla

Цукерберг мырза Конгресс «инновациялар мен қауіпсіздік шараларын қолдау үшін ЖИ-мен жұмыс істеуі керектігіне» сенімді.

Ол «стандарттарды маңызды мәселелер бойынша сол үлгілерді қалыптастыру үшін біздің үкіметпен бірге жұмыс істей алатын америкалық компаниялар белгілегені жақсы» деп өзінің АҚШ патриоты екенін әрі Американың технологиялық үстемдікті бүкіл әлемге таратуын қолдайтынын байқатты.

Республикашыл сенатор Майк Раундс Конгреске әрекет ету үшін уақыт керек екенін айтты. «Біз сыртқа шығып, заң жазуға дайынбыз ба? Мүлдем жоқ», – деді Раундс мырза.

Демократиялық сенатор Кори Букер барлық қатысушылар «үкіметтің реттеуші рөлі бар» деген пікірмен келіскенін, бірақ заң шығару қиын болатынын ескертті.

CNBC телеарнасы бұл жаңалықты 10 сағат бұрын былай көрсетті:

 

Жасанды интеллект бәйгесі әлемдік саясаткерлерді де өзінің ықпал ету шеңберіне тартып үлгерді.

Қытай мен Еуроодақ, Ұлыбритания мен АҚШ бұл бәсекеде таза технологиялық мазмұннан шығып, саяси, әскери, экономикалық үстемдікті жасанды интеллект пен кванттық компьютерлер саласына бұрып барады.

Күн өткен сайын алға кетіп бара жатқан технологиялық прогресте Қазақ елінің болашағын қайдан іздеуіміз керек? Үкімет бұл сұраққа жауап беруге уақыт таба алар ма екен?!