Өрт қуаттаушы және 32 амперлі автомат орнатылған жерден шыққан.
«Қытайдың аты Қытай» – электрокар ZEEKR өртеніп кетті
2,275
оқылды

Электрокар ZEEKR өртеніп кетті. Бұл туралы белгілі журналист Ербол Еділов Telegram каналында хабарлады.

Ол инстаграмдағы zh.m.d.l.v парақшасында жарияланған өртенген көліктің фотоларын бөлісіп, «No comment» деп пікір қалдырып кетті.

«Қуаттайтын құрылғы фирманың өзінікі. Тәжірибелі электрик орнатты. Қуаттаушы қорада қабырғада ілулі тұрған. Өрт қуаттаушы және 32 амперлі автомат орнатылған жерден шыққан. Сарапшылар талдау жасап, қорытындысын айтады. Өрт машинаға ойысқан. Көлікті алып кету мүмкін болмады, бауы ішінде бұғатталып қалды. Қолым күйіп, арқамды аздап күйік шалды. Бәрі тірі. Машина енді жоқ», – деп жазылған журналист сілтеме жасап көрсеткен көлік иесінің жазбасында.

Көлік иесі электрокардың суретін жүктеп, қытайдың аты қытай деп жазған.