Технологиялық прогресс пен қоғамның қарыштап дамуы мәңгілік құндылықтарды ығыстыруы мүмкін бе?
«Овертон терезесі»: алдаудың алты қадамы
1,536
оқылды

Адамзат өркениетке құлаш сермеген сайын моральдық нормалар «сәннен» қала ма? Кезінде атын естісе, өре түрегелетін тақырыптар, жағымсыз құбылыстар бүгінде қалыпты жағдайға айналып бара жатқан жоқ па? Осы сауалдардың жауабын іздеп, мұндай құбылыстарды қарапайым түсіндіретін «Овертон терезесі» тұжырымдамасы жайлы сөз қозғасақ дейміз. 

Көп сатылған бестселлер

АҚШ-тың Мичиган штатында Mackinac Center for Public Policy орталығы бар. Бұл орталық осы штатта өмір сүретін ха­лық­тың өмір сапасы мәселелерімен (эко­номика, салық, бюджет, білім беру, ме­ди­ци­налық сақтандыру, еңбекпен қамту) ай­налысады. Олар түрлі әлеуметтік мә­се­леге қатысты қоғамдық пікірді зерттеп, ха­лық арасында сауалнама жүргізіп, өз­дері орынды, пайдалы деп санайтын тың идея­ларды бұқараға насихаттайды. Осын­дай ғылыми маңызы бойынша бұрын еш­­­­­­қашан еленбеген америкалық қара­пайым орталықтардың бірінде электр ин­женері әрі заңгер Джозеф Овертон ба­­­қандай 13 жыл жұмыс істеген. Ол жо­ғары­да аталған теорияны 1990 жыл­дар­дың ортасында ойлап тапқан. Оның осы орталықтың вице-президентіне дейін көтерілгенін атап өткен жөн. Ал 2003 жы­лы ол әуе апатына түсіп қайтыс болған соң оның теориясы туралы айтылып, кеңі­рек тарай бастайды. 2010 жылы Mackinac орталығының президенті Джозеф Г.Леман жазушы және саясаткер Гленн Бекпен кездесіп, оны осы тұжырымдамамен та­ныс­­тырады. Бек оның негіздерінен фан­тас­тикалық триллер «Овертон терезесі» кі­табын жазып шығады. Белгілі қоғам қай­раткері Бекболат Тілеуханның жур­налист Нартай Аралбайға берген сұх­ба­тын­да «Сен «Окно Овертонаны» оқыдың ба, оқымасаң сенімен қалай әңгімеле­се­мін?» дейтіні – осы кітап. Бұл кітап «сая­сат­керлер әлеуметтік нормаларға бейім­де­леді» деген негізгі тезисті өзгертіп, «сая­сат­­керлер, керісінше, әлеуметтік көз­қарас­тарын өз қажеттіліктеріне қарай өз­гертеді» деген ойды меңзейді. Бектің кі­табы 2010 шілдеде шыққан кезде Нью-Йорк Таймс бестселлер тізімінде жоғары рейтингке көтерілген. Роман Amazon-да да көп сатылған кітаптардың қатарына ене­ді. Бірақ оқырмандардың көпшілігі көр­кем әдебиетті таза шындық деп қа­был­дайды және сипатталғанның бәрі шын­ымен болып жатыр немесе болады деп шешті. Ал өз кезегінде жазушы мұны ғы­лыми негізде жазылған фантастикалық ең­бек деп бағалаған болатын. Осылайша, жазушы еңбегінен соң аталған теория өзінің әлеуметтану саласында танымалдық кезеңіне жол ашты.

Бұл қандай «терезе»?

Овертон терезесі – бұл белгілі бір идеялардың қоғамдық пікірден бұ­рын қалай заңдастырылатындығын және осыдан азаматтар тобы сол идеяларға қа­лай бейімделетінін түсіндіруге кө­мек­те­седі. Мәселен, ХХ ғасырдың бас кезінде Америка билігі қоғамның азғындауына қарсы күрес жүргізіп, 1914 жылы билік әйел­дердің жағажайда жалаңаштануына тыйым салды. Жаңа заңның орындалуын қа­­дағалау мақсатында суға түсетін киім­дер­дің тізеден жоғары болмауын қада­ға­лайтын арнайы полиция қызметі құ­ры­лып, заң бұзғандар қатаң жазаланатын. Киім­дері талапқа сай келмеген келін­шек­тер бірден тұтқындалып, айыппұл төлеуге мәж­бүрленді. Міне, осындай заңды қа­был­даған алпауыт мемлекет бүгінде бір­жы­­нысты некеге заңды түрде рұқсат бер­­ген елдер қатарында. Тіпті, көшеге жа­­­­лаңаштанып шеру өткізуіне де қар­сы­лық танытпайтын деңгейде. Ал әлеу­мет­танушылар мен сарапшылар қоғамның мұн­дай дәрежеге «Овертон терезесі» ар­қылы жетеді деп есептейді. 

Иә, «Овертон терезесі» қоғамдағы идеялардың уақыт өте келе қалай өзгеретінін және саясатқа қалай әсер ете­ті­нін түсінуге арналған үлгі болып та­бы­ла­ды. «Терезеде» алты фаза бар: ақылға қо­­­­нымсыз, Радикал, Ықтимал, Ақылға қо­нымды, Көпшілікке таныс және Саяси маңызды.

Алғашқысы – «Ақылға қонымсыз» кезең, бұл кезеңде жоқ жерден бірден кө­терілген тақырыпты халық қабылдай ал­май, қоғамда резонанс туады. Екінші «Ра­дикалды» кезеңде қасақана халықтың аш­уына тию, солайша мәселеге көңіл ау­дар­тып, талқылату басты мақсат болады. Жаға ұстатарлық дүниелер туралы ақ­па­рат­ты бұқараға күшпен тықпалау бас­та­лады, тіпті ғылыми симпозиумдар мен дөң­гелек үстелдер де ұйымдастырылуы мүм­кін. Бұған дейін де сол тектес оқи­ға­лар­дың болғаны, тарихи дәлелдер кел­тірі­ле­ді. «Түсінуге ұмтылу» кезеңінде қоғам бұл мәселеге бұрынғыдай тосырқап қара­май­тын болады, «түсініп көруге болатын сияқты» дегендей екіұдай ой туады. «Ақыл­ға қонымды» кезеңде жаңағы мә­селе қалыпты дүние ретінде қабылдана бас­тайды, ел алдында жүрген танымал адам­дар жақтаушылар мен даттаушылар бо­лып екіге жарылады. Келесі «Танымал ету» кезеңі өте қауіпті саналады. Бұл са­тыда әлгі мәселе «сары» басылымдар мен рейтинг қуған ток-шоулардың сүйікті тақы­рыбына айналып шыға келеді, солай «Қоғамдағы қалыпты жағдай» кезеңі бас­талады. Бұл кезде алғашында қарсылық тудыр­ған нәрсені ешкім жатырқамайтын бо­лады, соған қатысты заң да пайда бола­ды, халық ішінде қарсы пікірлер айтылуы мүмкін, бірақ ешкім де кедергі бола ал­майды.

Мысал ретінде гомосексуализмді алайық. Бұл құбылыс бұ­рын­ғы ғасырларда болған кезде өте ұятты нәр­­се болып саналушы еді. Егер біржы­ныс­­тылардың некесін заңдастыру мә­се­ле­сі бірден көтерілгенде не болар еді? Әйел­дердің қысқа киім кигеніне үрке қа­­­райтын қоғам ондайларды сол сәтте-ақ жоқ қылар еді. Сондықтан да бұл кезеңге «ақылға қонымсыз» деп ат берілді. Қоғам біржыныстылардың барын білсе де, олар­ды түсінуге тырыспады. Қайта шошына қа­рап, бойларын аулақ салуға тырысты. Екін­ші радикалды кезеңде азғындықты ту етушілер ашық шабуылға көше бас­тай­ды. Олар қасақана халықтың ашуына тию­ді, сөйтіп біржыныстылар мәселесіне көңіл аударып, талқылауын қалайды. Өз­геше адамдар туралы ақпаратты бұқараға күш­пен тықпалап, жұрт назарын аудара­ды. Тіпті, ғылыми симпозиумдар ұйым­дас­­­тырып жіберуі де мүмкін. Мәселен, «Рим императоры да ер балаларды ұнат­қан, біржыныстылар адамзатпен бірге пай­да болған» деген тәрізді дүниелер ай­тылады. Мұны қарапайым адамдар емес, беделді ғалымдардың аузымен айт­қызады. Діни аңыздарды да мысалға кел­тіріп жіберуі мүмкін. Мәселен, Лұт қауы­мы. Үшінші терезе – Түсінуге ұмтылу ке­­­зеңін­де қоғам біржыныстылар мәсе­ле­сін қызу талқылауға көшеді. Жұрт бұл мә­­селеге бұрынғыдай тосырқап қара­майды. Елең ете қалатын жаңалық емес. Қалыпты дүние. Біржыныстылар туралы мақалалар жазылып, олардың тағдыры кинода көрініс тауып қалуы мүмкін. Ал оларды жақтау сәнге айналады. Төртінші те­резе, яғни ақылға қонымды кезеңде «го­мосексуализм – қалыпты дүние» деген пікір үстемдік құрады. Біржыныстыларға аяушылықпен қарап, олардың құқығын қорғайтын ынталы топ пайда болады. Әрине, дәстүрлі құндылықтарды бойына сіңірген, азғындыққа қарсы шығушылар да табылады. Осылайша, қос тараптың ара­сында бітпейтін дау басталады. Ал қо­ғам екі жақтың қайсын таңдарын білмей, бей­тарап күйін сақтап қалады. Танымал ету кезеңінде азғындықты насихаттауды қол­ға алған топ енді өз жақтарына та­ны­мал тұлғаларды тарта бастайды. Әсіресе, жас буын сөзін тыңдап, соңынан еретін ән­шілер, әртістер мен спортшылардың бір­жынысты екені белгілі болады. Олар қалың көпшіліктің алдында «құпиясын» жариялайды. Бұл сары басылымдар мен рейтинг қуған ток-шоулардың сүйікті та­қырыбына айналып шыға келеді. Ал­тын­шы терезеде біржыныстылар туралы ең­бектеген баладан еңкейген қартқа дейін біле­ді. Олар туралы мақала жазылып, ки­но түсірілген. Бұрынғыдай жасырын­бай, көшеде қол ұстасып жүре береді. Бір­ақ біржыныстыларға төнген қауіп әлі сейілмеді. Жекелеген адамдар тарапынан қауіп төніп тұр. Мәселен, кейбір меке­ме­лер қызмет көрсетуден бас тартуы мүмкін. Бұ­зақылар оңашада ұрып-соғып, өмір­ле­ріне қауіп төндіріп жатады. Енді қайтпек керек? Олар саясатқа ұмтыла бастайды. Лауа­зымды қызметке тұрып, біржы­ныс­ты­лар мәселесі биік мінберде кө­те­ріледі, тіп­ті арнайы заң да қабылдануы мүмкін. Міне, осылайша аталған алты сатыдан өт­кен бұл мәселе өз деңгейіне жетіп, пісіп же­тіледі. Әлеуматтанушылар дәл осылай каннибализмнің де қоғамға дендеп енуін аталған теориямен байланыстырады. 

Бұл енді кейбір әлеуметтанушылар пі­кірі. Ал, шынында бастапқыда бұл теорияның каннибализмге, гомо­сек­суализмге ешқандай қатысы болмаған. «Овертон терезесі» тек «сайлаушыны қа­лай торға түсіруге болады» деген сұрақтың бір нұсқасын ғана ұсынған еді. Бұқараға қан­дай да бір идеяны сіңіру туралы ниеті де болмаған. Тек теорияның бастапқы тұ­жырымдамасы ұзын құлақтан жетіп түр­леніп, бүгінгі интернеттегі әрбір екін­ші адам мысалға келтіретіндей түрде му­та­цияға ұшырап отыр.

Бізде оның элементтері бар ма?

Біз бұл сұрақты белгілі саясаттанушы Ернұр Молдашевке қойған едік. Оның айтуынша, «овертон терезесі» объек­тивті ғылым тұрғысынан қарағанда даулы мәселе. «Жалпы қоғамда қалыптас­қан ұғым бойынша бұл теория адамдардың ұстанымдарын, идеалдарын, ой-көз­қара­сын өзгертуге бағытталған технология деп есеп­теледі. Сонымен қатар сананы мани­пуля­циялап, қоғамды басқаруға көмек­тесе­тін саяси құрал ретінде түсіндіріледі. Бірақ әу бастағы бұл теория бұл мақсатта пайда болмаған. Джозеф Овертон о баста өзінің зерттеулерінде бұл теорияны қо­ғам­дағы белгілі бір топтардың ұнамды яки ұнам­сыз көзқарастарын анықтау мақ­са­тында ұсынған болатын. Мәселен, бір об­лысты алайық. Айталық, Ақмола об­лы­сы дейікші. Сол облыстың тұрғындарына қан­­дай идеялар ұнайды, қандай көз­қа­рас­тар олар үшін мүлде жат деген сияқты сұрақтардың жауабын қалай анықтауға болатын сараптамалық құрал ғана. Мұн­да­ғы мақсат не? Бұл өз кезегінде саясат­та­ғы адамдар үшін қажет. Мәселен, Аме­рика демократиялық мемлекет болған­дық­тан, ондағы сайлауға қатысушылар сай­лаушылардың алдында өз имиджін қа­лыптастыру үшін осындай сараптамаға жү­гінеді. Сайлаушыларға ұнау үшін олар ұнат­қан көкейіндегі сөзді дөп басып айтуыңыз қажет, олар ұнатқан идеяны қол­дауыңыз керек. Яғни, олардың бойын­дағы құндылықтардың сіздің де бойыңыз­да кездесетінін көрсету арқылы олардың се­німіне ие болу үшін қажет технология. Тео­рияның бар мақсаты осы ғана. Джозеф Овертонның өзі дүниеден өткеннен кейін теорияның мутацияланған нұсқасы кеңі­рек тарады. Бұл тұрғыда жазушы-пуб­ли­цис­тердің жазған кітаптарының да әсері мол болды. Яғни, олар халық санасын өз­гертуге бағытталған манипуляциялық ме­ханизм ретінде қарастырады. Негізінде, олай емес, теория жай ғана халықтың не­гізгі ұстанымдарын зерттейтін модель ре­тінде қарастырылған», – дейді ол. Жал­пы, халық санасы манипуляциялық ме­ха­­­низмдермен басқарылуға қаншалықты бейім деген сұрағымызға сарапшы өз ойын былай кестеледі: «Жалпы халық са­на­сы кез келген манипуляциялық меха­низмдермен өзгере салатын әлсіз емес. Бірақ біздің мемлекетіміз сынды дамушы мемлекеттерде теорияның мутацияланған нұсқасының элементтері кездесетінін жасыруға болмайды. Бірақ бұл ежелден бері тәжірибеде бар дүниелер еді. Мұның бар­лығын әкеп, тек «овертон терезесіне» те­ли салу ақылға қонымсыз. Дегенмен бұл сая­си технология ретінде қолданылып ке­ле жатқан құралдардың бірі. Біздің елі­мізде кейбір заңдардың қабылдануында да осындай элементтерді байқауға болады. Бірақ бұл «овертон терезесі» нақты жұмыс істейді дегенді білдірмейді. Егер біз елі­міз­дегі халықтық идеяларға әлеуметтік са­­­раптама жүргізсек, халықтың ой-та­нымы бұрынғыдан қатты өзгеріп кет­пеге­нін байқаймыз. Яғни, жай ғана қарапайым саяси құралдармен басқара салатын халық ақымақ емес. Бірақ неге бізде көрініс та­ба­ды деген сұраққа келсек, бұл элементтер кө­біне демократияның жетіспеушілігі бар мемлекеттерде жиі кездеседі. Яғни, қан­дай да бір заңның қабылдануына халық­тың қатты ықпал ете алмауы осы бір кө­рі­ністерді тудырады», – дейді саясаттану­шы Ернұр Молдашев. 

Халықтың күші – бірлікте

Иә, саясаттаушы айтқандай, ха­лық­тың санасы – баланың сана­сы емес. Оған мысалдарды көптеп келті­ру­ге болады. Мәселен, былтыр ки­но­театрларда «Базз Лайтер» мультфильмінің Қа­зақстанда көрсетілуіне халық қарсы шы­ғып, әлеуметтік желілерде наразылы­ғын білдірді. Желіде «Базз Лайтер» му­льт­фильміне тыйым салу талабымен пе­тиция құ­рылып, лезде 40 мыңға жуық адам қол қой­ды. Себебі мультфильмде біржынысты қа­рым-қатынасты насихаттайтын көрі­ністер болды. Халық қарсылығына сол кездегі Мәдениет министрі Дәурен Абаев жауап беріп, еліміздегі кинотеатрларда көрсетілмейтінін ресми ашық мәлімдеген бо­л­атын. Яғни, халық талабы ескерілді. Бұ­дан бөлек, қандай да бір заңның қа­был­дануына да халықтың ықпалы бол­ғанын ай­та кетуіміз керек. Енді осыған мысалдар кел­тіріп көрелік. 2017 жылдың 7 қаң­та­рын­да жол қозғалысы ережелерінің жаңа заң жобасындағы кейбір тұстары халық арасында дау тудырған еді Яғни, әрбір автокөлікте балаларға арналған авток­рес­ло болуы керек деген заңға халық қарсы шық­ты. Жаңа жылдан кейін бағасы күрт қым­баттап, жетіспеушілік тудырған бала­ларға арналған автокреслоға қатысты да жұрттың шағымы көбейді. Тиісінше, эфир­­де бұл тақырыпқа арналған мате­риал­­дар саны да өсті. 12 жасқа дейінгі балалардың бәрін түгелдей қамту мүмкін емес, – деді жұртшылық. Нәтижесінде, бұ­ған да мораторий қойылды. Ал 2019 жыл­дың 5 ақпан күні елордада болған жағ­­дайға тоқталайық. Тілсіз жау бір отба­сы­ның бес бірдей баласының өмірін жал­ма­ды. Сол түні балақайлардың ата-анасы жұ­мыста болған. Қоғам, әсте, көпбалалы отбасылардың негізгі мәселелері жайлы ха­бардар еді. Алайда бұл жағдай бәрін өз­герт­ті. БАҚ-тың барлығы тек осы қайғылы жағ­дай туралы айтумен болды. Бұл тра­ге­дия бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірді. Көп­балалы отбасылар өз мәселелері жай­лы ашық айта бастады. Еліміздің түкпір-түк­пірінен көпбалалы аналар жиналып, жәрдемақы көлемін ұлғайтып, тұрғын үй беруді сұрады. Осылайша, Үкімет пен әкім­діктер барлық отырысында көп­ба­лалы отбасылардың мәселелерін тал­қы­лап, олардың мұң-мұқтажына құлақ асып, кө­мек жолдарын қарастырды. Көп ұза­май, 2019 жылғы ақпан айының соңында сол кездегі Қаржы министрі Әлихан Смайы­лов төрт немесе одан да көп баласы бар отбасы көпбалалы болып саналатыны жайлы айтты. Нәтижесінде, берілетін атау­лы әлеуметтік көмек мөлшері де көбей­ді. 

 

P.S. 

Қазақ кез келген жамандықтың жаппай жайылып-таралмауына қатты мән беретін. Тіпті, қасқырдың өзін «ит-құс» деп атаған. Ал азғындықты тіпті ауызға алмайтын болған. «Бәлекет өзімен кетсін», «мал құлағы саңырау», – деп тыйып тастайтын. Өйткені жаманды айта-айта етіміз өліп кетпесін, үйреншікті жаңалыққа айналмасын деп қауіптенетін. Ендеше барлық жамандық атаулы елімізден қашық болсын деп тілейміз!   

Наурызбек САРША