Жетісу облысында полицейлер туған баласын сатқан әйелді ұстады.
Жетісуда әйел туған балаларын 2 миллион теңгеге сатқан
1,477
оқылды

Әйел екі баласын 2 миллион теңгеге сатқан. 

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, «STOP трафик» барысында адам саудасына қатысты 30 қылмыс анықталды. Атап айтқанда, Жетісуда әйел туған балаларын сатқан. 

«Жетісу облысы ПД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бала сатқаны үшін 23 жастағы әйелді ұстады. Әйел 2022 және 2023 жылы туған екі баласын делдал арқылы сатқан. Біріншісін 2022 жылы қазан айында, екінші баласын биыл тамызда саудалаған. Әр баланы 1 миллион теңгеден сатқан», – деді ІІМ өкілі.

Бұған дейін 25 баланы шағын көлікпен тасымалдаған балабақша тәрбиешісі туралы жазған болатынбыз. 

Фото: novyefoto.ru