Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палата бюросының отырысында депутаттар 21 қыркүйек күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін белгіледі.
Сенат отырысының күн тәртібін белгіледі
525
оқылды

Соған сәйкес сенаторлар жалпы отырыста «Қоғамдық бақылау туралы» заңды және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау, әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу туралы» заңды қарайды. Бұл құ­­жаттар азаматтардың ел тағдырына әсер ететін ше­шімдер қабылдауға қатысу мүмкіндіктерін кеңей­­туді көздейді.

Сонымен қатар заңда оған қатысушылардың құ­қықтары мен міндеттерін регламенттеу сияқты қо­­ғамдық бақылау саласын реттеу бойынша бір­қатар шара қарастырылған.

Бюро отырысында осы аптада өтетін іс-шаралар да пысықталды. Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақ­станның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында Маңғыстау облысында шағын және орта кәсіп­кер­лікті және көлік-логистикалық әлеуетті дамыту мәселелері бойынша комитеттің көшпелі отырысы өтеді.

Сондай-ақ отырыс кезінде Мәжіліс қабылдаған заңдар жұмыс үшін Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.