Үш миллиард жыл бұрын Марста су болған кезеңде күшті сел ағындары лай мен тастарды биік таудың жотасынан төмен түсірген. Бұл жота Қызыл планетаның сулы кезеңі туралы қызықты ақпаратты сақтап қалған.
Марстан адам ізі табылды ма?
2,367
оқылды

АҚШ-тың NASA ғарыш агенттігі Curiosity ровері Марста биік Gediz Vallis жотасына шыққанын жазды. Ежелгі күшті сел тасқынының қалдығы деп саналатын жотаны неге америкалық ғалымдар көптен бері іздегенін Aikyn.kz түсіндіреді.

Фото NASA агенттігінен алынды

Үш миллиард жыл бұрын, Марстағы соңғы ылғалды кезеңдердің бірінде күшті сел ағындары лай мен тастарды биік таудың жотасынан төмен түсірген. Кейінірек желдің әсерінен пайда болған биік жота Қызыл планетаның сулы кезеңі туралы қызықты ақпаратты сақтап қалған. Америкалық ғалымдар судың болғанының дәлелдерін осы ровер арқылы табуды ойластыруда.

Биік жотаға Curiosity аппараты төртінші әрекеттен кейін ғана көтерілген. Үшкір жартастармен және тым тік беткейлерде үлкен тастар роверге айтарлықтай кедергі болған. Қиын жолдарды сәтті еңсерген Curiosity 14-ші тамызда биік жотаға шығып оны зерттеген.

«Үш жылдан кейін біз Curiosity-ге тік жотаға қауіпсіз жетуге мүмкіндік беретін жолды таптық», – дейді NASA-ның Curiosity жобасының ғалымы Эшвин Васавада. 

Мына видеода Curiosity-дің камералары түсірген суреттерінен жиналған Марстың көріністері:

 

2014 жылдан бері ровер Марстағы биіктігі 5000 метр Шарп тауының басынан сел жүргенде домалаған тастарды зерттеген және ежелгі көлдер мен жылғалардың орнын тапқан.

Gediz Vallis жотасына шыққан ровер 11 күн бойы жотада жүріп, таудың басқа жерінде пайда болған қара тастардың құрамын мұқият суретке түсіріп зерттеген. 

Фото instagram.com/kosmonutie аккаунтынан алынды 

 

Марс пен Жердің арасы ең жақын кезде 54 млн шақырым, планеталар алшақтаған кезде 401 млн шақырым.

Curiosity ровері 2012 жылдың 6 тамызында Марсқа қонған болатын. Қызыл планетаның бетінде ровер 11 жылда 30 шақырым жүріп өткен. Ровердің нені және кімді іздеп жүргенін NASA ғарыш агенттігі айта қояр ма екен?! Әзірше, Қызыл планета өзінің бүккен сырын ашқан жоқ, адам іздері де табылмады. Бұл да үлкен мемлекеттің құпиясы болуы мүмкін.