Қайғылы оқиға 20 қыркүйек күні таңғы сағат 07:00-де болған.
Атырауда екі қайық соқтығысып, бір балықшы қаза тапты
1,802
оқылды

Атырау қаласына қарасты Дамбы ауылындағы Жайық өзенінің 6-шы өзек бойында әуесқой балықшылардың қайықтары соқтығысып, салдарынан, 1974 жылғы азамат оқиға орнында көз жұмған.

"1973 жылғы азамат ауыр жағдайда облыстық ауруханаға жеткізілді.  1992 және 1988 жылғы  қайық жүргізушілерінің су көлігін басқаруға рұқсат қағаздары бар екендігі анықталды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр", –  делінген Атырау облысы Полиция департаменті таратқан мәліметте.

Баян Жанұзақова