Кеше Алматыда Шанхай ынтымақтастық ұйымы Жастар кеңесінің аясында «Жастар кеңістігі: Әділетті әлем және келісім» халықаралық жастар саяси лагерінің жұмысы басталды. Ұйымдас­ты­рушы – «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты.
Жастар саяси лагерьде бас қосты
626
оқылды

Қазақстанның барлық өңі­рінен келген 300-ден астам де­легат, сондай-ақ Беларусь, Қы­тай, Қырғызстан, Тәжікстан, Ре­сей және Өзбекстаннан кел­ген қонақтар 4 күн бойы «Bir Tol­­qyn­da» диалог алаңдарының, тақы­­­­рыптық панельдік сес­сиялар мен оқы­­ту семинар­ларының жұмысына қа­­­­­тысады.

Биылғы шілде айында Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемле­­кеттер басшылары кеңесінің отыры­сында сөйлеген сөзінде, «үш зұлым күшке»: трансұлттық ұйымдасқан қыл­­­­мысқа, заңсыз есірткі айна­лы­мына және киберқыл­мысқа қар­сы күреске баса мән беріле­тінін айтқан болатын. Сондай-ақ, Қазақстан Прези­денті цифр­лық технологияларды дамыту­дың өзектілігіне және экология сала­сындағы өзара іс-қимылды ны­ғайтуға назар аударды.

«Жастар Рухы» төрағасының орын­­­­­­­басары Ақерке Искан­­дерованың айтуынша, лагерьдің басты мақсат­тарының бірі – Мемлекет басшы­­сының ШЫҰ кеңістігіндегі бастама­­ларын іл­герілету, халықаралық жастар ынтымақтастығын нығайту, сон­дай-ақ жас ұрпақтың саяси және шығарма­­шылық әлеуетін іске асыру үшін жағ­дай жасау.

«Ең алдымен, Қазақстан Пре­зи­­­­денті белгілеген күн тәртібіне сүйене отырып, біз басқа елдердің жастар бел­­­­­­­­­сенді­лерімен комму­никациялық байланысты нығай­тамыз. Жастардың әлеуетін тиімді пайдалану және олар­­­дың күш-қуатын қазіргі жағдайды жақ­­­­­­са­р­туға және сенімді болашақты қалыптастыруға бағыттау маңыз­ды», – деді ол.

Ал Шымкенттен келген де­легат Ба­­қытжан Тұрысбек мұн­дай деңгей­дегі іс-шараға алғаш рет қатысып отыр.

«Жастар Рухы» жастар қа­натының барлық мүшесі Қазақ­станның және ШЫҰ-ның ең бел­сенді жастарының басын қос­қан осынау іс-шараны асыға күтті. Түрлі саланың жастары жина­­латын ортада өзара тәжі­рибе алмасып, аймақтағы рух­тастар­мен және өзге елдерден келген жастармен достығы­­­мызды ны­ғайта түсеміз. Бұдан бөлек ла­герь­­дің күн тәртібі аясында өте­тін семинарларды да атап өт­кен жөн. Мәселен, бүгін есір­ткімен күрес тақы­­­рыбы аясында тренинг өтті», – деп атап өтті делегат. 

Жастар – қоғамның қоз­ғау­шы күші, егемен еліміздің ертеңі. Жаңа Қазақстанды құру ісінде өскелең ұрпақ айрықша орын алады. Тең мүм­кіндік, әділ­дік, ашықтық ұғым­дары ең алдымен жас буынның ке­дергісіз келе­шегін қалыптастыруға не­гіздел­­­ген. Жастарды ортақ мақ­сатқа жұмыл­­­­­дыратын саяси ұйым – «Жастар Рухы» мұрын­дық болған лагерь өңір­­аралық және халық­аралық байл­­­анысты ны­­­­­ғайтуға, жастардың бел­­сенділігін арт­­­ты­рып, креативті идея­­­­­­­­­­­­лар алмасуға мүмкіндік береді. 

«AMANAT»  партиясы Қы­зыл­орда облыстық филиалының «Жастар Рухы» жастар қана­ты­ның төрағасы Әсет Бимұрза бұл бірегей алаң жас­­­­тардың таным көкжиегін кеңейтін, тә­жірибесін шыңдайтынына сенімді. 

«Халықаралық деңгейде өте­тін бол­­­­­­­­­­­­­ғандықтан алуан түрлі эмо­цияны бас­­­­­­­­­тан кешіп жатыр­мыз. Бұл шараға өңір­­­­дің әртүрлі салада қалтқысыз қыз­­мет етіп жүрген жастары, «Жастар Рухы­­­ның» құ­рамында белсенділік та­­­­­­­­­нытқан көрсетіп жүрген еріктілері ат­­­тан­ды. Саяси лагерьде жинақ­таған тә­­­­жірибе алдағы бірнеше жылға азық болатыны сөзсіз», – дейді Әсет Бимұрза.

Биылғы шараға еліміздің бар­лық дерлік аймағының бел­сенді жастары, бірқатар мемле­кеттен тәжірибе алма­­­суға белсенді қо­нақтар келді. Сондай-ақ, қоғам­ның игілігі мен елдің дамуы­на қосқан үлесі, жемісті қызметі еле­­­­­­­­­­­­­­­ніп, жастар арасынан үздік деп та­­нылған белсенділер мен еріктілер жасағы – «Рухтастар» ұжымы да саяси лагерьге қо­сылды.

Партияның Павлодар облыс­тық филиалының «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшесі Кәкім Бакижан саяси лагерьде түрлі әлеу­­меттік және проблемалық тақырыпты қамтитын пікір ал­ма­сулар болатынын тілге тиек етті. 

«Еліміздің аймақтарындағы жастар арасында қандай проб­лемалар бар және олар қалай ше­шімін тауып жа­­тыр, өскелең ұр­пақтың қызығу­шы­­­лы­­­ғы қан­дай, азаматтық қоғам қалып­­тас­­­ты­рудағы жастардың белсен­­­ділігі қаншалықты дейтін сауалдарға түрлі топтық жұмыс­тар нәти­жесінде қызық­ты, тың жауаптар аламыз, жақсы пікір алмасамыз деп ойлаймын. Рес­пуб­­ликаның барлық дерлік өңі­рінен жи­на­латын креативті жастармен бас қо­су, тәжірибе ал­масудың өзі бізге бе­­­­­­­­­­­­­­­­ріл­ген зор мүмкіндік», – деп атап өтті делегат. 

Алматыда өтіп жатқан төрт күндік саяси лагерьде жастар түрлі сайысқа қатысып, бірнеше са­­лалық бағытты қам­­­­­­­титын се­ми­нарларда білімін шың­дап, білік­тілігін жетілдіреді. Лагерьдің ал­ғашқы күнінде жастар бір-бі­­­рімен танысып, Team building, топтық жұ­­­­мыстар мен оқыту сес­­­сия­ларына қа­­тыс­­­­­­ты. Кешке ша­раның ашылу сал­­­танаты мен ашық аспан астында Open Air өтті. 

Асыл ТҰМАР