Кезінде Жетісу өңірінде жо­март жандар негізін қалаған әй­гілі Мамания мектебінің қа­лып­тастырып кеткен ізгі ісі ке­­йінгі жылдары жалғасын тауып жатқаны қуантады.
«Күлпет» – қаламгердің көркем әдебиеттегі дебюті
814
оқылды

Сол кезең­­дерде Маман құт ұрпақтары да халық арасында романға бәйге жариялап, саудамен айналы­­сып қаржыларын қайтарымды іске жұмсап, қазақ байларына үлгі-өнеге көрсетіп кетті. Бұл игі іс Біләл Сүлеев, Ілияс Жан­­сү­гіров секілді қазақтың бір­­туар қаламгерлерін қанат­­­­­тан­дырса, Арқа төсінде атақты Ха­сен Ақай мен Қаражан Үкі­­баевтар да әдебиет пен мәде­­­­ниеттің өр­­­­­кендеуіне сүбелі үлес қосқан. Бүгінде осы бір дәстүрдің қайта қалыптасып жат­­­қаны көп­­ші­­­­ліктің көңілінен шықса, әде­­­­­биетші қауым үшін үлкен қолдау болып отыр. Күні кеше елорда төріндегі Ұлттық академиялық кітапханада ел патриоттары мен руханият жа­­­­нашырларының азаматтық жо­­басы «Меценат» әдеби сый­­лы­­ғының алғашқы жеңім­пазы жа­­­зушы-публицист Шархан Қа­­зығұлдың «Күлпет» рома­­­­­ны­­ның таныстырылымы өтті. Бұл авторды байқаудың тұң­ғыш лау­­­­­реаты атандырған шығарма.

Айта кету керек, әдеби романның авторы өмір бойы ай сайын 500 АҚШ доллары мөлшерінде сыйақы алып отырады. Тәуелсіз бәйгеде топ жарған шығарма туралы жүрекжарды пікір­лерін айтуға жиналған белгілі қалам­­герлер «Роман – қаламгердің көркем әдебиеттегі дебюті» деп баға берді. Ав­­тордың сөзінше, бұған дейінгі шы­­­­ғармаларын тек кәсіби журналист ре­­­­тінде публицистика жанрында жаз­ған. Ал бұл көркем туындыны жазушы пан­­­демия кезінде жазып шыққан екен.

«Публицистика жанрында тоғыз кітап жаздым. Олардың барлығы жа­рық көрді. Сөйтіп, жасым ұлғайған соң көрген-білгенімді кесек шығарма арқылы көрсетсем деген ой келді. Пандемия кезінде істейтін жұмыс бол­мады. Ал мен бос отырғанды ұнатпай­тын адаммын. Содан көркем туынды жазуды бастап, романымды бір жыл ішінде жазып бітірдім», – дейді Шар­хан Қазығұл.

Автордың айтуынша, романның атауының өзіне үлкен мән берілген. Себебі кез келген туындының тақы­­­рыбы мен атауы оқырманға интрига, жұмбақ болып тұруы керек. Сондық­­тан да жазушы романға өзгеше тақы­­рып ойлап тапқысы келген. Бұл үшін ол «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі­мен» көп жұмыс істеп, ең соңында «Жан азабы» мағынасын беретін «Күл­­­­пет» сөзіне тоқталған. Бұл роман­­ның лейтмотивіне де сәйкес келіпті.

Шараның тізгінін ұстаған Мемле­­­кет және қоғам қайраткері Сауытбек Абдрахманов: «Бұл – жаңа уақыттың жаңа кітабы. Перспективасы кең. Үш буынның өмірін қамтиды. Локация байлығы да бар. Онда қазақ әдебие­тіндегі тым тосын тақырып көтерілген. Мысалы, Ауған соғысынан Америкаға қашқан қазақ азаматы сонда 30 жыл өмір сүріп, екі қоғамды салыстыруға мүмкіндік алып елге оралады. Осы оқи­ғаның өзі әдебиетке жаңалық әке­­ліп тұр. «Күлпет» романы әлеуметтік-философиялық роман сыйпатына келеді», – дейді.

Өз кезегінде сөз алған жазушы-драматург Роза Мұқанова да туын­дының өзіне тән ерекшеліктерін тілге тиек етті. Романның жауапкершілігі жоғары екенін жеткізген қаламгер: «Әңгі­ме, повесть жазып жүргендердің өзі романға келе алмайтын кезі бо­лады. «Күлпет» романы – қазақ қо­ғамындағы айтулы оқиғаның біре­­­гейі. Ешкімді қайталамайды, ой, сю­жет ұр­­­лығы жоқ. Романда басқа фор­ма, бас­қа стиль бар. Ол адам жанының азаттығына ұмтылдырады. Ең басты­­сы, автордың тілі қарапайым әрі түсі­нікті. Бүгінгі күннің оқырманына ың­­ғайлы, жылдам оқылады, қара­пайым тілмен күрделі нәрселерді тү­­сін­­дірген шығарма. Бүгінгі оқырман жаңа кейіпкер, жаңа туындыны күтеді. Шархан – жаңа соқпақ салған ав­тор», – деді.

Осыдан кейін жиналғандардың жо­­­ғары бағасын алған шығарма жаңа форматтағы жаңа романның тұсауы кесіліп, оқырманға жол тартты. Кітап­тың алғашқы даналары салта­­­натты түрде Ұлттық академиялық кітапха­­­наға табыс етілді.

Ж.МҮСІЛІМ