Күдікті қомақты қаржы жымқырған деген дерек бар.
Ауруханаға бөлінген қаржыны жымқырған алаяқты Түркиядан алып келді
1,627
оқылды

Ол құрылыс компанияларынан 1 млрд теңгеге жуық қаражатты жымқырған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Түркияның Әділет министрлігі Қазақстан Бас прокуратурасының 2014 жылдан бастап халықаралық іздеуде жүрген азамат К.-ні ұстап беру туралы сұрау хатына жауап берді. Түркия тарапы өтінішті орындады. 

Күдікті құрылыс компанияларынан жалпы сомасы шамамен 1 млрд теңгеге жуық қаражат жымқырды деген күдік бар. Қомақты қаражат әлеуметтік нысандарды, оның ішінде аурухана салуға арналған. 

Бас прокуратура, Ішкі істер және Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады.

Елге алып келіп, Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Бұған дейін құрылыс компанияларының басшылары қамауға алынғанын жазған болатынбыз.