Қаржы министрінің бұйрығымен Жандос Жұмабайұлы Дүйсембиев Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Жандос Дүйсембиев жаңа қызметке тағайындалды
878
оқылды

Жандос Дүйсембиев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын және Алматы университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық комитетінің өндіріп алу бөлімінің маманы, салық инспекторы болып бастаған.

2006-2009 жылдары – Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық комитетінің өндіріп алу бөлімінің басшысы.

2009-2010 жылдары – Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің Мәжбүрлеп өндіріп алу басқармасының басшысы.

2010-2012 жылдары – Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Салық басқармасы басшысының орынбасары.

2012-2014 жылдары – Алматы қаласы Салық департаменті Акциздерді әкімшілендіру басқармасының басшысы; Салық аудиті басқармасының заңды тұлғалар аудиті бөлімінің басшысы; Алматы қаласы Салық департаменті Салық аудиті басқармасының №5 аудит бөлімінің басшысы; 

2014-2015 жылдары – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Берешекпен жұмыс басқармасының басшысы.

2015-2016 жылдары – Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.

2016-2017 жылдары – Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары.

2017-2019 жылдары – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  Ұйымдастыру-қаржы басқармасының басшысы.

2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің департамент директоры.

2022-2023 жылдары «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ басшысы лауазымын атқарды.

2023 жылдың қыркүйек айында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Бұған дейін осы қызметті атқарған Данияр Еренғалиұлы Жаналинов берген өтінішіне сәйкес лауазымынан босатылды.