Алаяқтар Шығыс Қазақстан облысында қолға түсті.
Полицейлер ел-жұрттан 80 миллион теңге жинап алған алаяқтарды ұстады
4,530
оқылды

Полицейлер интернет арқылы ел-жұртты 80 миллион теңгеге сан соқтырған алаяқтарды ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Polisia.kz-тің дерегінше, «Киберпол» қызметкерлері интернет алаяқтық фактілерін әшкереледі. 

Өскемен қаласы ПБ Үлбі полиция бөліміне тұрғын арызданған. Ол белгісіз адам оған қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырғанын айтқан. Банктің жалған қызметкері жәбірленушінің деректерін алып, оған 1 миллион теңге несие ресімдеген. 

 

Полицейлер үш күдіктінің жеке басын анықтады. Олардың үйінен заттай дәлелдеме тапты. Алаяқтардың шотында бүкіл Қазақстан бойынша 50-ден астам жәбірленуші бар. 80 миллион теңге шығын келген. 

Қылмыстық жолмен алынған ақшаны банкоматтар арқылы заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырған. Кейін олар «келісіммен» белгілі бір пайызын алып, ақшаны криптовалютаға аударып отырған. 

Тергеу басталды. 

Фото: polisia.kz