«Жастар рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен ІІІ күн қатарынан өтіп жатқан халықаралық жастар-саяси лагерінде ШЫҰ Жастар кеңесі мүшелері тың бастамалар көтеруде.
Өзбекстанда ШЫҰ мүшелерінің жас кәсіпкерлер форумы ұйымдастырылады
738
оқылды

Жастардың ынтымақтастығын орнықты әлеуметтік-экономикалық  тиімді дамуды қамтамасыз етудің, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы әріптестік, достық қатынастарды сақтау мен тереңдетудің маңызды факторы екендігін Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің заң шығару палатасы жанындағы Жастар парламентінің мүшесі Гузал Абдуллаева айтып өтті.

«Өзбекстанда қазір еліміздің тиісті министрліктерімен және ведомстволары шеңберінде көпжақты ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу үстінде. Келесі жылы Өзбекстан «Жастар рухы» ұйымдастырған саяси лагерь сияқты кем дегенде 3-4 маңызды жастарға арналған іс-шараларды өткізетінін айтқым келеді. Біз ШЫҰ-да халықаралық жастар бизнес-инкубаторын құруды белсенді қолдаймыз. Осыған байланысты Өзбекстанда ШЫҰ жас кәсіпкерлерінің форумын ұйымдастыруға және өткізуге дайын екендігімзді ерекше айтқым келеді»,- деді өзі сөзінде Гузал Абдуллаева.

Сонымен қатар Шанхай ынтымақтастық ұйымының Жастар кеңесіне мүше мемлекеттердің жастарын жоғарыда атап өткен маңызды іс-шараларды ескере отырып, шуақты Өзбекстанда шақыратынын және ұсыныс-пікірлерді қабылдауға дайын екенін айтты.