Алматыда 4 жасар баланы өгей әкесі жауыздықпен ұрып өлтірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Алматыда 4 жасар баланы өгей әкесі жауыздықпен ұрып өлтірген
722
оқылды

Жантүршігерлік оқиға Наурызбай ауданында болған. Күдікті ретінде бүлдіршіннің анасымен бірге тұрған азамат ұсталды.

Көз жұмған баланың туған әжесі қоғам белсенділеріне және әлеуметтік көмек қызметтеріне немересінің жәбір көріп жүргені туралы айтып, талай рет мәселе көтерген екен. Қазір полиция басқармасы бұған қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуде.

“Аталған дерек Наурызбай аудандық полиция басқармасында тіркеліп, ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Көрсетілген қылмысты жасады деген күдікті – 2004 жылы туған Д.есімді азамат ұсталып, ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес, ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл қылмыстық істің тергеу барысы Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында”, – деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.