Мемлекет басшысы бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту маңызды екенін айтты. Елімізде азаматтардың кәсіби және бұқаралық спортпен айналысуы үшін осы саланың инфрақұрылымын дамытуға мейлінше көңіл бөлініп келеді.
1111 шымкенттік ел намысын  қорғап жүр – Бауыржан Тұманбаев
1,152
оқылды

Спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың үшінші мегаполисте іске асырылуы туралы біз Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаевпен сұхбаттасқан едік.

– Бауыржан Қалмұхамедұлы, өзіңіз жетекшілік ететін басқарманың басым­дығы ретінде қандай міндеттер айқын­да­лып, оларға қол жеткізуде қандай жос­пар­лы көрсеткіштер мақсат етіп қойыл­ған?

– Спорт саласында біз айқындаған басымдық ең алдымен Шымкент қала­сының республикалық дәрежедегі қала санатындағы мәртебесіне сай қала тұрғындарының спортпен айна­лысуы үшін, оның ішінде халық­тың жүріп-тұруы шектеулі топ­тарына қолжетімді бо­луы ескеріле отырып, тұр­ғы­­­­лықты жері бойын­ша және көп­­­шілік дема­латын орын­дарда спорт­­­­­тық ин­­­ф­ра­­­­құ­­­ры­лым­­ды қа­лып­­­тас­­­­­­ты­­­руды көз­­­­­­­­дей­ді. Бұл ба­­­­ғыт­та қала­­­лық спорт және дене шы­­­нықтыру бас­­­­қар­­­­­ма­­­сы бұ­­­­қа­­­­ралық спор­­т­пен ай­­­на­­­лысуға ар­­­­­­­­­­­­­­­­­нал­­­­­ған спорттық жа­­­б­дық­­тардың қауіпсіз пайдала­­­­­­ны­­­­­луына мем­лекеттік ба­­­қылауды жүзеге асырып, рес­­­­­­­­­­­­­­­­пуб­­­­­ликалық немесе жергілікті ак­­­кредиттелген спорт федерация­лары­мен бірлесе оты­­­рып, түрлі деңгей­дегі спорт­тық жарыс­­тарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында спорттық сайыс­­­­тар өткізеді.

Спорт түрлерi бойынша респуб­ли­калық маңызы бар қалалық құрама командаларды даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорт­тық жарыстарда өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi. Шымкент қаласының аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды жүзеге асырады. Қала аумағында дене шынық­­­­тыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiріп, спортшыларға, спорт төре­­шiлеріне біліктілік санаттарын беруді іске асырады, біліктілік санатта­рынан айырады. Аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерация­­­­ларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқа­ралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етеді. Дене шы­нықтыру-сауықтыру және спорт ғима­раттарын пайдалануды үйлестіреді, дәрігерлік-дене шынықтыру диспан­­­­серлерінің жұмысын ұйымдастырады. Мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомст­волық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жас­өспірімдерге арналған спорт секция­ларында мемлекеттік спорттық тапсы­­­­рыс­ты орналастыруды қамтамасыз етеді.

Осы міндеттерді іске асыруда Шым­кент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторлар тізбесінде 4 бағыт бойын­ша спорт саласының даму көрсеткіштері белгіленді. Олардың қатарында дене шынықтырумен және спортпен айна­лысатын азаматтардың санын жалпы халықтың елу пайызына дейін жеткізу, халықтың әрбір мың адамға шаққандағы көрсеткіштер бойынша арнайы спорт­тық инфрақұрылыммен қамтылуын үй­лестіру, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын, оны­мен тұрақты шұғылдануға қарсы көрсетілімдері жоқ мүмкіндігі шектеулі адамдар қатарындағы ерекше қажет­тіліктері бар халықтың үлесін арттыру, жастар санатындағы қала тұрғындарын спортпен қамту нысаналы көрсеткіштері белгіленген.

Жұмыс көрсеткіштерінің орындалуы туралы нақты деректерді келтіретін бол­­­сақ, былтырғы жылдың қорытын­­ды­­­сы­­­мен Шымкент қаласындағы дене шы­­­­нық­­­­тыру және спортпен жүйелі шұ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ғыл­­­­­­­да­ну­шы аза­­мат­­тар саны 498 852  адам­­­­ды құрап, ол жалпы қала тұр­­ғын­­­да­­рының 42 пайы­­­­­­­­­­зына же­тіп отыр. 

Ха­лықтың әрбір мың адам­ға шақ­қан­дағы көрсет­­кіш­­­тер бойын­­­­­­ша арнайы спорт­­тық инфра­­­­құ­­ры­лым­мен қамтылу деңгейі бү­­­гінгі таңда 59,9 пайызды құрап, Шымшаһар­дағы спорт ин­фрақұры­лымының жалпы кө­­лемі 45 566 м2 жетті. Биылдың өзінде қала­­мызда 4 жаңа спорт нысаны іске қосылды. 

Қала аумағында дене шынықтыру және спортпен айналысуға қарсы көрсе­­­­тілімі жоқ 15 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматтар тұратын болса, оның ішінде 2036 азамат дене шынық­­тырумен және спортпен тұрақты шұғыл­данады. 2021 жылмен салыс­­­­тырғанда спортпен айналысатын мүм­­­­кіндігі шек­теулі аза­мат­тардың саны 13 пайызға артты. 

Жастар санатындағы азаматтардың спортпен қамтылуы бойынша бүгінгі таңда 14-18 жас аралығындағы спортпен тұрақты шұғылданушы азаматтардың саны 45 940 адамды құрайды. Оның ішінде 151 жалпы білім беру меке­­­­ме­лерінде спортпен шұғылданушылар саны 33 107 адам болса, 24 орта арнаулы білім беру мекемелерінде спорттық секцияларға қамтылған жастар саны 5 728 адамды құрайды. Ал қаладағы 7 жо­­ғары оқу орнында 7 105 студент спортпен тұрақты шұғылданушылар санатында. 

– Құпия болмаса, Шымкент қаласы­ның спорт саласына жыл сайын қанша қаржы бөлінеді? Жылдық бюджет қаржы­сы қанша спорттық ұйымға қаралады?

– Құпия емес, қаралатын қаржы ашық түрде бекітіледі. Жылдық бюд­жетіміз биыл 24 000,6 млн теңге болып бекітілді. Оның ішінде айлық жалақы қоры, 266 спортшыға қаралған ай сайын­ғы төлемдер, спортты жан басына қар­жыландыру спорттық инвентарлар са­­­тып алу, коммуналдық шығындар, спорт­тық іс-шаралар ұйымдастыру шы­ғындары, тағы басқа шығындар бар. 

Жылдық бюджет Шымкент қаласын­да әрекет ететін 33 спорттық ұйымның жұмысын ұйымдастыруға арналады. Осы спорттық ұйымдарға 18 мыңнан астам адам қамтылып, спорттың 74 түрі бойынша дайындық жүргізіледі. Оның ішінде 37-сі олимпиадалық спорт түрлері болса, 28-і олимпиадалық емес және 9-ы – ұлттық спорт түрлеріне жатады.

– Шымкент қаласында 33 спорттық ұйым бар дедіңіз. Осы ұйымдардың қызмет мазмұнын айтып өтсеңіз...

– Қаламызда дене шынықтыру және спортты да­мытудың 3 не­гізгі бағыты бойынша жұ­­мыстар жүргізіледі. Олар бұқаралық спорт, спорттық инфра­құрылым, жоғары спорт шеберлігі бағыттары. 

Бұқаралық спорт бойынша бұ­қа­­­­­­­ралық спорттық іс-шараларды өткізу, спорт­­тық сек­цияларды жан басына шақ­қан­­­­­­дағы қар­­­­­жы­­­лан­­­­­ды­ру жо­­­­басын іске асы­­­­­­ру мін­­­­дет­­тері іске асы­­­рылады.

Спорттық ин­­­­фра­­­­­құрылымды да­­­­­­мыту са­­на­­тында спорт залдарын, спорт алаң­­шаларын салу және спорт ғима­­­­раттарын жөндеу, мемлекеттік-жекеше­лік әріп­­­тестік тетіктерін қолдану мүм­­­­кін­діктері қарастырылады.

Ал жоғары спорт шеберлігі бойынша спорт түрлерінен шеберлікті арттыру және спорт резервін дайындау, спорт­­шы­­­лардың жарыстарда жоғары көрсет­­­­кіштерге жетуін ұйымдастыру, ұлттық құрама командаларының мүшелерін дайындау міндеттері іске асырылады.

Қаладағы спорт ұйымдарының әлеуе­­тімен биыл бірқатар маңызды спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Атап айтқанда, Шымкент қаласының за­­­манауи атшабарының ашылуына және Наурыз мерекесіне орай қазақ күресі, бәй­ге, көкпар, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату, асық ату, теңге ілу, аударыспақ және тоғызқұмалақ сынды 9 спорт түрінен GREAT QAZAQ GAMES ұлттық ойын­дары өткізілді. Ұлттық ойындарға елі­­­міздің өңірлерінен және шет елдерден жал­­­­­­пы 1000-нан аса спортшылар қа­тысты. 

Қала мектептері арасында футбол, волейбол, баскетбол, шахмат сынды спорт түрлерінен қалалық жастар лигасы ойын­­­­дары өткізілді. Спорттық жарыс­­­тарға қаладағы 151 жалпы орта білім беру мек­­­теп­­­­­­­терінен 500-ден астам коман­да жа­сақ­талып, алты мыңға жуық бала қатысты.

Қала күні мерекесіне орай «Брусья FEST» спорттық бұқаралық фестивалі ұйымдастырылып, оған 400-ден астам тұрғындар қатысты. 

Соңғы жылдары қаламызда көптеп салынған аулаішілік спорт алаңша­ларының тиімді пайдаланылуын ұйым­дас­­­­­тыруда «Аула чемпионаттары» бұқа­ралық спорт жарыстарын өткізу қолға алынды. Биыл алғаш рет өткен іс-ша­раның 23 айналымына 1 600-ге жуық балалар қатысты.

– Мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына қаржыландыру жобасы ая­­сында атқарылып жатқан жұмыстар жө­нінде айтып өтсеңіз...

– Қаламызда дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғыл­­­­данушылардың үлесін арттыруда спорт­­тық тапсырысты жан басына шаққан­­­дағы қаржыландыру бағ­­­­­­­­­­­дар­­­­­­­­­­­­ламасын іске асыруға 2023 жылға 2 323,0 млн теңге қаржы бағытталды. 

Бүгінде мемлекеттік спорттық тапсы­­рысты жан басына нормативтік қар­­­­­­жы­­­­­­­­ландыру платформасында 115 кә­­­сіпкер біліктілік ірік­теуіден өтіп, спорт­тың 20 тү­­­­рі бойын­­ша оның ішінде баскетбол, бокс, еркін күрес, грек-рим кү­ресі, волейбол, көр­­­кем гим­настика, дзюдо, каратэ, таек­­вандо, жеңіл атлетика, жүзу, үл­кен теннис, үстел теннисі, футбол, қазақ кү­ресі, футзал, шахмат, тірек-қимыл аппа­раты бұзылған мүгедектерге арнал­­ған үстел теннисі, тірек-қимыл аппараты бұ­­зылған мүге­­дек­терге арнал­­ған тұрып ой­най­­тын волейбол, тірек-қимыл аппа­­­­раты бұзылған мүге­­дек­терге арнал­­ған футбол спорт түрлері бойынша 213 спорт­­­­­тық секцияға барлығы 13 828 ба­­­­­­­лаға ваучер берілді.

Жоба аясында 338 жаттықтырушы мен 200-ге жуық басқа да қосымша пер­­сонал жұмыспен қамтылды. Қазір қала­ның Абай ауданында 36 спорт секциясы жұмыс істесе, Әл-Фараби ау­данында 33 спорт секциясы ашылған. Еңбекші ау­­данында 39 спорт секция ашылған болса, Қаратау ауданында 58 спорт сек­­­­циясы жұмысын бастады. Жаңа­дан құрылған Тұран ауданында ашылған спорт сек­циялары 47 бірлік болып отыр. 

Мемлекеттік спорттық тапсырыс арқылы 2024 жылы 23 мың баланы спорттық секциялармен қамту көз­дел­ген. 2021-2022 жылдары және 2023 жыл­­дың мамыр айына дейін мем­­­­лекеттік спорттық тапсырыс жүзеге асыру artsport.edu.kz (SoftDeCo ЖШС) плат­фор­масы арқылы жүзеге асырылды.

Биылғы жылдан бастап мемлекеттік спорттық тапсырысты жүзеге асыру плат­­формасын анықтау мақсатында мем­­­­­­­­­­­лекеттік сатып алу ашық конкурсы жарияланып, мамыр айында шыққан конкурстың нәтижесінде DamuBala (Qaz­TiQet ЖШС) платформасы жеңім­паз болып анықталды. Қазір осы плат­­фор­­­ма­ға мәліметтерді енгізу жұмыстары атқарылуда.

– Шымкент қаласында спорттық ин­фра­­­­­құрылымды қалыптастыруда қан­дай жұмыстар атқарылып отыр?

– Бұқаралық спорттың ахуалы мен да­­му белесі қажетті спорттық ин­­­­фра­­­құ­­­ры­лымның болуымен байланысты еке­ні белгілі. Статистикалық деректер бойын­­­­­ша Шымкент қаласындағы спорт­тық нысандағы объектілердің саны 1 079 бі­­­­­­р­­­­лікті құрайды. Оның ішін­де дене шын­­­­ық­­­­­­­­­­­­тыру және спорттық мәндегі нысандар саны 521 болса, қала­­дағы білім мекеме­­­­­­леріндегі спорт­­­тық объектілер 503 бірлік болып отыр. Ал спорт мекеме­леріндегі спорттық объек­ті­­­­­­лер саны 55 бірлікті құ­­­­­райды. Қаладағы бар мың­­­­­нан аса объ­­­­­екті­­­­­­­лердің 149-ы – жеке меншік­тің иелі­­­­­гінде.

Биылғы жылдың сегіз айында үстел теннисі спорт кешені, атшабар кешені іске қосылып, жөндеуден өткен «Метал­­лург» стадионы мен №20 спорт мектебі­­нің спорт кешені пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін қосымша 2 спорт кешенінің құрылысы аяқталмақ. Оған қо­сымша алдағы уақытта тағы 6 спорт нысанының құрылысы қолға алынбақ.

Шымкент сити шағын ауданында көпфункционалды «Шымкент арена» спорт кешенін салу, Қажымұқан атын­­да­ғы орталық стадионды реконструк­ция­­лау, жаңа футбол стадионының құ­ры­­­лысын жүргізу, 5 ауданда заманауи спорт­­тық кешендерін салу сынды ірі жобалар бойынша құжат әзірлеу жұ­мыс­тары қолға алынып отыр. 

– Шымкент қаласы ірі спорттық бай­рақты бәсекелерді өткізетін орталыққа айналып келеді. Енді жергілікті спорт­­шы­­­­лардың жетістіктері жөнінде айтып өтсеңіз.

– Дұрыс айтасыз, Шымкент қаласы­ның республикалық маңызға ие қала болуымен бізде беделді спорттық жа­рыс­­­­тарды өз деңгейінде ұйымдас­тырып, өткізуге мүмкіндік туды. Қала­мызда 23 спорт түрінен Қазақстан Республи­касының кубоктары мен турнирлері өткізіліп, оларға 6 мыңнан астам спорт­шы қатысты. Халықаралық жа­рыс­тар санатында 11 спорт түрінен сайыстар өткізіліп, оларда әлем елдерінен келген 1 200-ден астам спортшы бақ сынады. Сондай-ақ қаламызда 27 бұқаралық спорттық іс-шаралар санатындағы жа­рыстар өтіп, оларда барлығы 17 мың­­нан астам азамат физикалық дайын­дығы мен жеке спорттық шеберліктері бойын­ша сайысқа түсті.

Жоғары спорттық жетістіктер бойын­­ша спортшыларымыздың биылғы жыл­дағы нәтижелері туралы айтар бол­сақ, қала спортшылары жекелеген спорт түр­лері бойынша Қазақстан Республи­­­касының чемпионаттарына қатысып, 504 – алтын, 401 – күміс, 465 – қола медаль жеңіп алды. 

Азия чемпионаттарында қала спорт­шылары 77 – алтын, 61 – күміс және 49 – қола медальға ие болды. Осы кезең ішінде шымкенттік спортшылар әлем чемпионаттарында 18 – алтын, 20 – күміс, 17 – қола медальды жеңіп алса, Әлем кубогында 22 – алтын, 12 – күміс, 12 – қола медальға ие болды.

Минскте өткен II-ші ТМД елдерінің ойындарында Шымкент қаласы спорт­шыларының жетістіктері 1 – алтын, 2 – күміс және 6 – қола медаль болса, Қы­тайда өткен 31-ші Дүние­жүзілік Уни­­­­­­­­­­­вер­­­­­­сиада ойында­рында шымкенттік спорт­шылар 5 – күміс, 3 – қола медальға қол жеткізді.

Биылғы жылы қаладағы спорттық ұйымдар 2 – ҚР еңбегі сіңген спорт шеберін, 18 – халықаралық дәрежедегі спорт шеберін, 80 – Қазақстан Рес­публи­­­касының спорт шеберін, 255 – спорт шеберіне үміткер спортшыларды дайындады.

Қазақстан Республикасының Ұлт­тық құрама сапына ересектер құрама­сына 427, жастар құрамасына 353, жас­­өспі­­­­рімдер құрамасына 331 спортшымыз енген. Жалпы 1111 шымкенттік спорт­­шы Ұлттық құрама сапында еліміздің намысын қорғайды.

2023 жылдың 23 қыркүйегі мен 8 қа­зан аралығында Ханчжоу қаласында (Қытай) ХІХ жазғы Азия ойындары өте­­­ді. Азия ойындарына Қазақстан Рес­­­пуб­­­­­­­­­ликасының құрамасы сапында Шым­­­­­­­кент қаласынан спорттың 24 түрі­­­нен 64 спортшы қатысады. 

Сонымен қатар Ханчжоу қаласында (Қытай) IV Азия Паралимпиада ойын­­­дары 2023 жылдың 10-28 қазан аралы­­­­­ғында өтеді. Қазақстан Респуб­­­ликасы құрама­­­­­сының сапында Шымкент қала­­­­­сынан спорт түрлерінен 5 спортшы­­мыз қатысады. Олар: жүзуден: Дубинина Али­­­­­­на, Кулкаев Айсұлтан, Ибрашев Ман­­­­­­­­­­­сур­­­бек, садақ атудан: Кішен Жас­­­­­ұлан, байдарка және каноэ есуден: Бога­тырев Максим.

– Шымкент қаласының спорттағы жұ­мыстары мен жетістікері туралы мазмұнды сұхбат бергеніңізге алғысымды айтамын. Спортшылардың бағындырған белес­тері мен табыстары молая берсін! 

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы