Шымкентте ҰҚК қызметкерлері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалында тінту жүргізді.
Шымкентте ҰҚК қызметкерлері Азаматтарға арналған үкімет филиалына басып кірді (видео)
943
оқылды

Әлеуметтік желіде тінту барысы түсірілген бейнежазба пайда болды. 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, 2023 жылдың 1 қыркүйегінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент қызметкерлері мемлекеттік корпорацияның Шымкент қаласындағы филиалында тінту жүргізген.

«Тінту кезінде жер телімдерінің шекарасын заңсыз жылжыту фактісі бойынша жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында бірқатар жер-кадастрлық құжаттар тәркіленді. Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін жоғарыда аталған шаралар бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті біздің корпорацияға ешқандай түсініктеме берген жоқ» – делінген хабарламада.