Қазақстандағы ақылы жолдардың тарифі өзгерді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығына сәйкес, көлік жүргізушілері 3 қазаннан бастап жол ақысын жаңа тарифпен төлейді. Баға айлық есептік көрсеткішке байланысты есептеледі.
Қазақстанда ақылы жолдардың бағасы қымбаттады
1,305
оқылды

Жалпы алғанда 11 ақылы жолдың тарифі қымбаттады.

"Астана – Щучинск", "Астана – Теміртау", "Тараз – Қайнар" және "Қонаев – Талдықорған" тас жолдарында жүру құны жеңіл көліктер үшін 200-300 тг аралығында болмақ.

"Алматы – Қорғас" бағытындағы жолға 359 теңге, "Астана – Павлодар" бағытына 456 теңге және "Шымкент – Қызылорда" тас жолына 527 теңге болып бекітілді.

Ал "Щучинск – Көкшетау", "Алматы – Қонаев", "Шымкент – Тараз" және Шымкенттен Өзбекстан шекарасына қатынайтын жол ақысы 72 теңгеден 120 теңгеге дейін қымбаттады.