Бұл – Азиададағы еліміздің ұлттық құрамасы үшін екінші алтын медаль.
Азиада ойындарында ұлттық құрама екінші алтын медальді иеленді
1,556
оқылды

Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында ел қоржынына екінші алтын медаль түсті.

Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында 18 жастағы Зухра Ирназарова чемпион атанды. Отандасымыз 560 ұпай жинап, Солтүстік Кореядан келген екі мергеннен озып кетті.

Бұл – Азиададағы еліміздің ұлттық құрамасы үшін екінші алтын медаль.

«Керемет нәтиже! Зухраны кез келген спортшы үшін маңызды жеңісімен құттықтаймын! Бұл ол үшін соңғы жетістік емес екеніне сенімдімін», деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.